Қостанай облысы: Жеке дамыту бағдарламаларын жобалау және іске асыру

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі мен мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің барлық меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған «Жеке дамытушы бағдарламаларды жобалау және іске асыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Семинардың мақсаты психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында жеке дамыту бағдарламаларын жобалау және іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесін көрсету болды. Қостанай қаласының (Ж. Б.Атығаева), Қостанай (Е. Р. Шалтеев, С. В. Стадниченко) Сарыкөл (В.П. Яценко, С. С. Дмитриенко) және Меңдіқара аудандарының (О. Н. Овчарова) ППТК өкілдері өз жұмыс тәжірибелерін көрсетті.

Талқылау барысында жеке дамыту бағдарламаларын жобалау мен іске асырудың бірыңғай нысаны, түзету арқылы дамыту бағдарламасын толтыру бойынша ұсынымдар, сондай-ақ дамуында проблемалары бар жас баланың оңалту процесіне отбасын тартуға бағытталған «Қадамдар» атты облыстық жобасы әзірленді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий