Қадыр оқулары: Білім саласы қызметкерлерінің байқауы
Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінде жергілікті білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелері арасында «Қадыр оқулары» байқауы ұйымдастырылды. Шығармашылық сайысқа барлық білім мекемелерінен алпыстан аса қызметкер қатысты. Олар үш бағыт бойынша бақ сынасты.

Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау және ақынға арнап шығарған арнау өлеңі мен еркін тақырыптағы кез келген өлеңін оқу. – Осы алғашқы ұйымдастырылып жатқан байқауға барлық мекеме қатысып, 60-тан аса қызметкерлердің жиналғандағы өте қуантады, – дейді аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы. Қатысушылар бөлім бойынша ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақынға өлең арнап, ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады.
– Мен Ақсай қаласының №7 мектебінде ДТІЖО қызметін атқарамын. Осы байқауға екі кезең бойынша қатыстым. Қазақ вальсінің королі Ш.Қалдаяқовтың әніне, Қ.Мырзалиевтің сөзіне жазылған «Тамды аруы» және «Сыған серенадасы» деп аталатын екі әнін орындадым. Мұндай сайыстарға өзім жиі қатысып тұрамын, – деді осы білім ордасының бастауыш сынып мұғалімі Бақытнұр Халықова. Барлық қатысушыларға аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының атынан бағалы сыйлықтар берілді. Ал жеңімпаз атанған қатысушылар облыстық кезеңге жолдама алды. Ол кезең сәуір айының 14-і күні Орал қаласында өтетін болады.
Анаргүл КУШЕРБАЕВА,
аудандық білім беру бөлімінің
баспасөз хатшысы, Батыс Қазақстан облысы
Загрузка...