Уақыт үдерісі: Педагогтің кәсіби стандартының ықпалы
Педагогтердің кәсіби дамуының навигаторы ретінде бүгінгі күні «Педагог» кәсіптік стандарттың маңыздылығы жоғары болып отыр. Кәсіби стандарт «бүгінгі мұғалім қандай болу керек» сауалына кеңірек жауап бере алады және талап етеді. Өзгермелі қиын әлем педагогтен жаһандық, білімділік, мамандық, жауапкершілік, құзыреттілік, ең бастысы, балаларға деген сүйіспеншілік қасиеттерді күтеді.

«Педагог» кәсіби стандарты педагогтің мектепке келген сәтінен бастап, қызмет шыңына жеткенге дейінгі жетістіктерін талаптар негізінде қолдайды және сол арқылы кәсіби дамуын жетілдіреді. Жалпы, кәсіби стандарттың мақсаты – педагогтердің кәсіби дамуы мен сапасын арттыру үшін мектептерді, педагогикалық жоғары орындарын, біліктілікті арттыру ұйымдарын, білім басқармаларын біріктіру болып табылады.
Демек, әр ұйыммен табысты байланыс орнаған уақытта ғана нәтижелі жұмыстардың негізінде өзіндік ерекшеліктерімен бірлескен орта қалыптасады. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының кәсіби даму институттары республика бойынша педагогтердің біліктілігін арттырудың басты мекемесі болып танылады. Сондықтан, әрбір педагогтің кәсіби дамуына көп мән береді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы да «Педагог» кәсіби стандартын негізгі нормативті құжаттардың бірі ретінде қарастырып, өз жұмыстарына стандартта берілген кәсіптік құндылықтарға сәйкес өзгерістер енгізуде.
Әр пән мұғалімінің кәсіби дамуына сәйкес педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламаларына да жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Білім беру бағдарламалары педагогтердің педагогикалық дайындығы мен қызметінің мазмұнына, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, еңбек функцияларын және кәсіптік даму дәрежесін дифференциалды бағалауға, өзгерістер мен инновациялық процестерді, көшбасшылық қасиеттерді, оқу мен оқытуды жақсартуға ықпал жасайды деген сенімдеміз.
Педагогтерге білім мекемесінің жоспарлары және сол үдерістегі өзінің рөлін білуі тиіс, бұл өзінің құндылығын және өз құқығын білуге, әрі қарай кәсіби өсуіне түрткі болады. Осылардың салдарынан педагогтер үздіксіз білім алуға, сапалы оқытуға мән беріп, мемлекеттің қамқорлығын сезінуге және өз мамандығының иесі болуға жұмыс жасайды.
Галия Сапарбековна ЖУСУПОВА,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы
бойынша Кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі
Загрузка...