Солтүстік Қазақстан облысы: Мағжанның мәңгілік мұрасы

Мағжан Жұмабаев есімін иеленген ауданның «Батыр Баян» атындағы мектеп гимназиясы мектебінде ағартушы ақын, алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған облыстық «Мағжан мұрасы мәңгілік» атты жылжымалы көрмесінің ашылуы және «Мағжан таңбасы» атты аймақтағы жас өлкетанушылар байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Петропавл қаласы мен аудандардан бұл байқауға барлығы жиырма жеті үміткер қатысып, бақ сынады. Ақын атындағы білім ордасының намысын қорғаған 10 «а» сыныбының оқушысы Рамазанова Саягүл «Мағжан Жұмабаев ауданындағы қазақ елді мекендерінің топонимі» тақырыбында, 10 «а» сынып оқушысы Жолдаспаева Меруерт «Булаев қаласының тарихы», 10 «ә» сыныбының оқушысы Баймуратова Жазира «Ноғайбай ауылының тарихы» тақырыбындағы зерттеу жұмыстарын сәтті қорғап, үздіктер қатарынан көрінді.

Қорытынды кезеңде Рамазанова Саягүл Мағжан Жұмабаевтың кезекті мерейтойы құрметіне ұйымдастырылған «Мағжан таңбасы» облыстық жас өлкетанушылар байқауында Гран-при алғаны үшін арнайы сыйлықпен марапатталып, 25000 теңгенің сертификатына (жетекшісі Искакова Дамежан Шаймуранқызы) ие болды. Баймуратова Жазираға «Шабыт» аталымы бойынша жеңіске жеткені үшін 5000 теңгенің сертификаты (жетекшісі Сапарбаев Темірбек Максадұлы) табысталды. Жолдастаева Меруертке мадақтама берілді. Зияткер шәкірттер мен жетекшілік жасаған педагогтерді биік белесті бағындаруларымен шын жүректен құттықтаймыз. Мағжан бабамыз сенген жастар – тек қана алға!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий