Ұлытау облысы: Сиқырлы әлем сайысы

Сәтпаев қаласындағы Ыбырай Алтынсарин есімін иеленген мектеп-лицейінде үш кезеңге құрылған «Сиқырлы әлем» сайысы болып ұйымдастырылды. «Менің сиқырлы әлемім» арттерапия кезеңінде балалар желімге түрлі-түсті бояу, тастарды пайдалана отырып, өздерінің қиялындағы суреттерді салды. Әділ қазылар алқасы шығармашылық жұмыстың таза орындалуына, эстетикалық әсемдігіне қарап баға берді, – деп хабарлайды Ұлытау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Менің сүйікті кейіпкерім» аталатын кезекті сынақ барысында оқушыларға балаларға арналған мультфильмдер желісі бойынша пазл қиындылары ұсынылып, балалар суретті құрастырған соң кейіпкерлерді сипаттап айтып берді. «Робот және мен» – кезеңінде балалар оң эмоционалды жағдайға қол жеткізу үшін роботпен бірге кедергілерден өту бойынша жарысқа түсті.

Сайыс барысында шәкірттерді сергіту үшін және жақсы көңіл күй, ерекше әсер алуларына жағдай жасау мақсатында қол моторикасының, мидың дамуына арналған жаттығулар орындалды. Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені №16 жалпы білім беретін мектебінің  “Жұлдыздар” тобы иеленсе, бірінші орын Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның “Достық” тобына бұйырды.

Екінші орынмен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің “Дарын” және №7 жалпы білім беретін мектептің “Қыран” топтары марапатталып, үшінші орынның жүлдесі №5 жалпы білім беретін мектептің “Жұлдыз”, №3 жалпы білім беретін мектептің “Жарық жұлдыз”, Әлкей Марғұлан атындағы білім ордасының “Болашақ” және Қаныш Сәтбаев атындағы мектептің «Сұңқар» топтарына табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий