Химия сабағы: Пән мұғалімдерінің назарына

Жалпы орта білім беретін мектеп ұстаздарының химия пәні бойынша біліктілігін арттыру мақсатында біздің ұжым тарапынан оқу-әдістемелік үдерісті жетілдіруге көп көңіл бөлінеді. Осыған орай біліктілігін арттыру курстарында химиядан теориялық білім мен практиканы байланыстырып, зертханалық тәжірибелер мен практикалық жұмыстардың ролін күшейту қолға алынған.

Курс барысында тыңдаушылармен біріге отырып жүргізілген қызықты тәжірибелерді жинақтап, «Қызықты химия тәжірибелері» атты әдістемелік құралы жазылды. Химияның негізі – эксперимент десек, онда бұл әдістемелік құрал негізінен химия үйірмелерінде немесе белгілі бір тақырыпқа арналған химия кештерінде көрсетуге болатын тәжірибелердің жинағы болып табылады. Балалардың химияға деген қызығушылығы көбінесе қызықты тәжірибелерден басталады. Мұнда біз, реактивтері оңай табылады-ау деген қарапайым тәжірибелерге көбірек көңіл бөлдік.

Әрине, біз жаңалық ашқан жоқпыз. Бірақ қазақ тілінде кітаптардың тапшылығы бізге себеп болды. Мұнда келтірілген тәжірибелердің көпшілігі орыс тілінде шыққан кітаптардан және Ресейдің «Химия в школе» журналынан алынды. Олардың бәріне де кітапшаның соңында сілтеме келтірілді. Мектеп қабырғасында қызықты тәжірибелерді көрген оқушыда қызығушылықтан әртүрлі сұрақтар туады, әрі сол сұрақтың  жауабын табуға ынталанады.

Нәтижесінде оқушының химия пәніне деген қызығушылығы артып, ынтасы дамиды. Қызықты тәжірибелердің «кілтін» немесе мәнін бірден айтудан гөрі оқушылардың өзіне ойландырып айтқызған дұрыс. Тәжірибе жасайтын оқушы өзінің сөзімен, іс-қимылымен оқушымен оқушыларды шын мәнінде «сиқыршы» тәрізді тарататындай болуы керек. Сондай тәжірибелердің біршамасы әдістемелік нұсқаулықта назарларыңызға ұсынылуда.

Үй жағдайында жасап көруге болатын қызықты тәжірибелер де беріліп отыр.  Эксперименттік біліктілікті тек орта білім беру жүйесінде игеру үшін,  қалыптасқан дағдыны өнеркәсіп, өндірістерде тәжірибені жүргізу барысында қолданылатын құрал-жабдықтар мен ірі қондырғылардың жұмыс істеу техникасын меңгеруге, қолдануға машықтанғаны жөн.

Ол үшін қарапайым ережелер мен қауіпсіздік ережелерін есте ұстаған абзал: ыдыстар, құрал-жабдықтар, химиялық реактивтермен жұмыс жасай білу; қыздыру; еріту; газдарды жинау іс-әрекеттерін игеру; химиялық құбылыстар мен үдерістерді бақылау және оларды түсіндіре білу; жасалған жұмыстың нәтижесін ауызшы түсіндіріп, жазбаша жаза білу; отандық және халықаралық әдебиет көздері және анықтамалықтар мен ақпарат жүйесін тиімді қолдана білу.

Райхан Муратовна ЖУМАНОВА,
«Түркістан облысы және Шымкент қаласы
бойынша кәсіби даму институты»
филиалының Түркістан облысы бойынша
өкілдігінің
аға оқытушысы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий