Батыс Қазақстан облысы: Жас мамандар слеті

Жергілікті білім беруді дамыту орталығының бастамасымен аймақтағы білім беру ұйымдарының жас мамандарына арналған «Жас мамандар слеті» педагогикалық фристайлінің екінші шақырылымы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Әдістемелік дайджест» деп аталған фристайлінің алғашқы бөлімі облыс орталығы Орал қаласындағы №30,34,37,38,45,46,50 жалпы орта білім беретін мектептер мен зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнаулы кешен-мектеп-колледж-интернатында өткізу жоспарланса, Жастар мәдениет сарайында демалыс кеші ұйымдастырылды.  Шара барысында жиналғандар «Командалық жұмыс арқылы мұғалімнің жеке брендін қалыптастыру», «Мектеп бүгін және ертең», «Қазіргі жағдайдағы мектеп менеджменті», «Мектеп көшбасшысының кәсіби дамуы үшін ұжымдық жұмыстың рөлі», «Менеджмент және басқару» тақырыптарында ойталқы, диологтік алаң, тренингтерге қатысып, тәжірибе алмасты.

«Жастарға ісі өнеге» тақырыбындағы педагогикалық фристайлдің екінші бөлімі эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясының базасында рухани кешпен жалғасты. Бұл отырысқа ақын, тележурналист М.Балмолда, Жаңақала аудандық Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі, «Үздік педагог-2022» С.Алиев, Ж.Досмұхамедұлы атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы, «ТДК-42» телеарнасының тілшісі Ж.Хамза шықырылған болатын. Жиында кеш қонақтары жас мамандарға өнегелі әңгімелерін айтып, көкейкесті сауалдарына жауап берді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий