Колледж қуанышы: Қарашаңырақта үлкен мерейтой
Биыл жазда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің құрылғанына 70 жылдығын атап өтеді. Университет құрамындағы Инновациялық технологиялар колледжі де осы атаулы мерекеге өз үлесін барынша қосуда. Колледж директоры Н.Смагулова, оқытушылар ұжымы мен студенттер “Жетпіс жылдыққа жетпіс бастама” атты әр деңгейдегі шаралар өткізуді осы оқу жылының басынан бастап қолға алған болатын.

Осы күнге дейін көптеген колледжаралық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі шараларға белсенді қатысуда. Осы бастамаға Жалпы білім беру пәндері кафедрасы да бірнеше шара атқарды. Әз-Наурыз мерекесін университетіміз ішінше біздің колледж де өте жақсы деңгейде өткіздік деп есептейміз. Оған дәлел келген қонақтар мен студенттердің ата-аналары атынан көптеген алғыстар естідік.
Студенттерден қазақ ұлтының тарихымен, қала және облыс тынысымен терең таныссақ деген ұсыныс түсті. Соған байланысты сәуір айының алғашқы аптасында жиырмаға жуық бірінші курс студенттерін біз де Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейіне апардық. Ондағы мақсат студенттерді қаламыз бен облысымыздың қомақты да айтуға тұрарлық тарихымен таныстыру болатын. Студенттермен бірге саябақтағы “мәңгі отқа” тағзым еттік.
Ұлы отан соғысының ардагерлері аллеясын аралап өттік. Аппақ Байжанов ескерткішінде көрсеттік. Мұражайдағы барлық залдарды аралап студенттерге барынша ақпарат бердік. Оларды ғарыш залы мен Алаш үкіметі тарихы қатты қызықтырды. Кеншілер залындағы экспонаттар жанында ұзақ бөгеліп қызығушылық білдірді. Қазақ ұлттық этнографиялық залы студенттерге үлкен әсер берді деп ойлаймыз. Көшпенділер тарихын, жауынгерлердің сауыт-сайманы, қару-жарақтары, киім-кешектері, ат-әбзелдері жанында тұрып біздің айтқан ақпараттарымызды ұйып тыңдады.
Бір сағаттан артық мұражайда болған студенттер шыққаннан кейін алған әсерлерін жарыса талқылап, ойларымен бөліскенде апарған мақсатымыз толық іске асқанын қуанышпен байқадық. Келесі күні студенттермен мұражай сапарын талқылағанда оразан зор рухани білім алғандарын айтты. Студенттерді музейге апарған тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы Р.Несипов пен кәсіби қазақ тілі пәні оқытушысы А.Ахметова.
Е. ЖЕКСЕМБЕКОВ,
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды
техникалық университетіндегі инновациялық
технологиялар колледждің арнайы пәндер
оқытушысы, тахника ғылымдарының магистрі