Ақтөбе облысы: Жергілікті білім сапасын бағалау мен сараптау басты назарда
Облыста 424 мектеп бар. Соның 281-і — ауыл мектебі. Ауыл мектептері мен қала мектептерінің білім сапасы арасында біршама алшақтық бар. Мұны білім сапасын бағалаудың бірнеше тәсілі арқылы анықтап отырмыз. Алдымен облыстық, республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы арқылы анықтаймыз. Сондай-ақ сырттай бақылау — PISA-ның (Programme for International Student Assessment) қорытындысы сарапқа салынады.

Әр 3 жыл сайын өткізілетін халықаралық зерттеу аясында оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағаланады. Тағы бір әдіс — іштей бақылау, яғни білім сапасын бағалауға мониторинг жүргізіледі. Осы зерттеулердің қорытындысы жан-жақты тексеріліп, талдау жасалады. Ауыл мен қала мектептерінің арасындағы білім сапасындағы алшақтықтықты жою мақсатында жүйелі нақты іс-шаралар жоспары бекітілді, — дейді өңірлік басылымға ұсынған ресми ақпаратында Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Лескенқызы Бертілеуова.
Загрузка...