Жамбыл облысы: Жұмысшы мамандығының жергілікті чемпионаты

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру, жастардың кәсіптік білімге деген құштарлығын ынталандыру мақсатында дәстүрлі түрде «WorldSkills Jambyl-2023» өңірлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Өңірлік чемпионатқа облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Азатұлы, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Талап» КЕАҚ-ның өкілі, Жамбыл облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы, өңірдегі жұмыс беруші ірі кәсіпорындардың басшылары, чемпионатты бағалайтын бас сарапшылар, әлеуметтік серіктестіктер, ТжКБ ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
Кіл мықтылар бақ сынасатын байқауда облыстағы 22 техникалық және кәсіптік ұйымдарынан 11 құзыреттілігі бойынша 85-тен аса студенттер қатысады деп жоспарлануда. Өңірлік чемпионаттың жеңімпаздары маусым айында өтетін республикалық «WorldSkills Kazakhstan 2023» чемпионатына жолдама алатын болады.
Айта кетейік, аталған чемпионат 12-15 сәуір аралығында Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі, Тараз сервис және технология колледжі,Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің, Жамбыл индустриальды-технологиялық колледжі, Қордай ауданындағы №7 Бетқайнар колледждерінің базасында өтеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий