Кітап оқу – күрделі интеллектуалды үдеріс
«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы екінші жыл жалғасын тауып келе жатыр. Бұл жобаның мақсаты оқушылардың, педагогтердің, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған. Жоба аясында отбасылық оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді.

Облысымыздың мектеп кітапханаларына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа жиһаздар алынды, көптеген көркем әдебиеттер кітапханалардың корын толықтырды. “Өзің оқып, өзгеге табыс ет!» атты буккроссинг акциясы. Акцияның негізгі идеясы – өзара кітаппен алмасу. Кез-келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі.
Әрдайым «Кітап мекені-кітапхана» атты саяхат ұйымдастырылады. Балаларға кітапхананың бөлімдерін, пайдалану ережелерін, кітаптарды қалай ұстау қажеттігін түсіндіре отырып, таныстыру жүргізіледі. Облыстық «Үздік мектеп кітапханасы-2023» байқауы өткізілді. Байқауда жүлделі орынға ие болған кітапхана мамандары «Заманауи кітапхана ісі: мазмұны, озық тәжірибе» семинарында іс-тәжірибелерін бөлісті. Сондай-ақ «Отбасылық оқу», «Үзілісте оқу», «Ұжымдық оқу», «Кітап оқиық», «Book Театр» – оқимыз, ойнаймыз қуыршақ театры, «123», «READх» жобалары іске асуда.
«Сыныбымызбен кітап оқимыз» акциялары, «Біз оқыған бір кітап» конференциясы, «Білім көзі кітапта» эссе байқауы, «Keyword Hexogon», «Анаммен бірге қызықты» кілт сөздермен оқитын сайыс, «Оқимыз, сахналаймыз», «Ұшқыр болсаң, озып көр!» атты сайыстар өткізіліп тұрады. Кітап көрмелері, виртуалды көрмелер, буктрейлерлер, челлендж, сайыстар, дауыстап оқу үнемі ұйымдастырылып, жалғасын табуда. «QR-КОД АРҚЫЛЫ кітап ОҚИМЫЗ» стенді жасалып, ұялы телефон камерасы арқылы QR кодты сканерлеп, қызықтырған әдебиетті оқи алады.
Жыл сайын 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында кітапхана қоры көркем әдебиетпен толықтырылады. Кітап оқу – бұл күрделі интеллектуалды процесс. Кітап оқи отырып, адам уақыт өте келе, өзінің дүниетанымын қалыптастырады, оның әлемге деген көзқарасы тереңдей түседі және кеңейеді.
Айгүл Жақсылықовна ШАЙМЕРДЕНОВА,
Білім басқармасының облыстық инновациялық
әдістемелік орталығындағы тәрбие жұмысы бөлімінің
кітапхана ісі жөніндегі әдіскері, Абай облысы, Семей қаласы