Қызылорда облысы: Оқушы чемпиондардың олжасы
Арал ауданындағы шыңдалған шәкірттеріміз екі дүркін республика чемпионы, екі дүркін ел чемпионы, Қазақстан Республикасының жеңімпазы және Унифайттан 12-13, 14-15 жас аралығында жасөспірімдер және жасөспірім қыздар арасындағы ел чемпионатында сегіз алтын мен бес күміс және қола иегерлері атанды, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің шахматтан 12 жасқа дейінгі блиц түрінде ұйымдастырған жекелей чемпионатында ұлдар арасында Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Мейірханұлы Ақылжан бірінші орынды иеленді. Ол бұрын ел чемпионы атанған болатын. Түркістан қаласындағы 2009 – 2010 жылдары туылған жасөспірімдер арасында стритболдан чемпионатта облыс құрама командасының сапында сынға түскен №220 орта мектептің 8 сынып оқушысы Ерболұлы Ернар жеңіс тұғырынан көрінді.
Загрузка...Өскеменде волейболдан 2010-2011 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы көктемгі чемпионатта топжарған облыстық команданың №260 орта мектептің жетінші сынып оқушысы Тымақова Нұрдана және №262 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Олжабаева Айкен өнер көрсетті. Байқоңыр қаласында унифайттан 12-13, 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер және жасөспірім қыздар арасындағы республикалық чемпионатта жалпы командалық есеп бойынша алғашқы қатардан көрінген аралдық спортшылар алдағы шілде айында Румынияда өтетін әлемдік додаға жолдама алды.