Қорқыт университеті: Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Ұлт руханияты жəне Т.Жүргенов мұрасы: жасампаздығы мен зерттелу кеңістігі» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, ҚР ҰҒА академиктері, зиялы қауым өкілдері, мемлекет қайраткерлері, сонымен бірге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Халықаралық «TURKSOY» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев қатысты. Жиында ұлт руханиятының көрнекті өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің тартысқа толы тағдыры, қазақ халқы үшін атқарған еңбегі туралы тың зерттеулер айтылды.
– Халықаралық «TURKSOY» ұйымы 2023 жылды түркі әлеміндегі Темірбек Жүргенов жылы деп жариялады. Мерейтой жылы ауқымды шаралар ұйымдастырылып, Анкарада, Астанада Темірбек Жүргенов туралы кітаптардың таныстырылымы өтті. Алдағы уақытта Өзбекстан мен Қызғызстанда ұлт қайраткері туралы іс-шаралар өткізілмек. Биыл Түркияда қазан айында «Нарком Жүргенов» қойылымының премьерасы болады, – деді «TURKSOY» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев.
Конференция барысында Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» кітабының тұсаукесері өтті. Романда Темірбек Жүргеновтің өмір жолы, өскен ортасы, ел игілігін көздеген жанқиярлық еңбегі, қуғын-сүргінге түскен отбасының ахуалы суреттелген. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасында «Қазақ руханиятының жарық жұлдызы» тақырыбында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий