Білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар

Жалпы спорт, білім беру саласындағы құқық бұзушылықтар – елімізде болып жатқан қисынды әлеуметтік, тұрмыстық проблемалардың бірі және бірегейі десек болады. Қазіргі қоғамның маңызды мәселерінің бірі – жастардың білім алу деңгейі мен спорттық нәтижелердің анықталуы.

Еліміздегі кейбір мектептерінде спорт залының жоқтығы бәрімізді алаңдатады. Мектеп спорты федерациясының өкілі Әлия Түсіпбекованың айтқандай, Қазақстанда 2000-ға жуық мектеп оқушыларының спорт залдарының қажеттігін қозғаған болатын. Спортты ойлайтын әрбір адамды толғандырған сұрақтар; «Неге елімізде мектеп спорт залдары аз?» және де «Қажетті білім беру заңдары дұрыс қолданылуда ма?» мақалада осы сұрақтарды қарастырып көрейік.

Білім туралы кодекстің «Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары» 54-бабына сәйкес: Білім беру саласы бойынша мемлекеттік реттеу, конституциялық құқықтар арқылы жұмыстар жүргізуге және білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерін жоғары деңгейде жеткізуге бағытталған. Жалпы былай айтқанда спорт үйірмелеріне оқушылардың бару көрсеткіші аз. Салыстырсақ, әлемнің орташа көрсеткішімен 4 есе төмен. Елде 9000-ға жуық спорттық құрылымдар, сонымен қатыр мектептерге спорт залдары 1991 жылдан бастап салынған.

1998 жылдан бері бой көтергенімен, 31-% салынған құрылыстың жағдайы қатты жақсы емес. Сол тақырыпта Әлия Түсіпбеков «Ауылдық мектептерде доп жоқ» – деп, ауылда бұқаралық спорттың төмендігін көрсеткен болатын. Айтылған мәліметтердің барлығы толықтай ҚР әкімшілік кодексінің 409-бабы, 23-тарауына сай келеді, бұл бапта Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар қарастырылған.

Бұл жерде шешімі «Ұлы Дала скауттары» ҚБ бас хатшысының яғни Ильдар Катеновтың айтуынша «жасөспірімді қызықтыру үшін оған үлгілі қамқоршы болу қажет» – деп, 2021 жылғы болған біліктілік жұмыс жоспарларын ашты. Негізі менің ойымша, ата-ана спортқа қызығушылығы жоқ болып, уақыт таппаса, балалары қайдан барсын. Тегін сорпа жоқ демекші, тегін нәрсенің сапасы да төмен, нәтиже жоқ. Спорт секторлары ашылсағымен олар тегін болмауы керек деп ойлаймын.

Себебі, тегін болса, бала, ата – ана мен спорт бапкерлерінің жауапсыздығы төмен болуы әйден анық, мүмкін деп ойлаймын. Бірақ жағдай жасағанымен спортшы да өз жауапкершілігін біліп, әкімшілік нормаларды сақтап бұзбауы керек. Мысалы Әкімшілік Кодекстің 409-бабының 12-тармағына дәлелдеме ретінде, ауыр темір көтеру спортының 2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың женімпазы Илья Ильиннің допинг қолданғаны туралы, 2016 жылы 18 маусым айында Халықаралық Спорт Федерациясы дәлелдеген болатын.

Апелляцияға беруге тырысқанымен, жаза ретінде оны олимпиада ойындарына қатысу құқығынан айырды. Қазірге кезде білім беру саласында әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар мен бағыттар «инновациялар» қарастырылуда. Инновацияға қысқаша тоқталсақ, бұл дегеніміз білім беру үрдісіндегі өзгертулерге бағытталған педагогикалық енгізілетін жаңалықтар. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы3

Міндеттері: педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту; қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту; оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету; үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу; экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Және білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру; білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінің вертикалін енгізу; ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту; ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру, ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету.

Мемлекеттен қаржыландыруға тоқталсақ, бағдарламаны жүргізуге 5 жылдыққа яғни, 2020 – 2025 жылдары 11578 миллиард теңге (Республика бюджеті – 9665 миллиард теңге, жерлікті – 716 миллиард теңге, дүниежүзілік банк – 1285 миллиард теңге), кезең бойынша алып қарасақ : 2020 – 1161 миллиард теңге, 2021 – 1336 миллиард теңге, 2022 – 1708 миллиард теңге, 2023 – 2311 миллиард теңге, 2024 – 2383 миллиард теңге, 2025 – 2669 миллиард теңгені құрайды.

Сөзімді қорытындылайтын болсам, спорт пен білім менің ойымша мәдениеті жоғары деңгейде дамыған тұлғада болатын ерекше көмекшілері. Бұл екі ұғымды дамыта, өзіннің мәдени құндылықтарын мен дүниетанымды кеңейте алуға мүмкіндік. Ешкімнің ала жібін аттамай, мықтылығынды көшеде емес, білім мен спорт жолында қолдана білген адам, көптеген мақсаттарға жетеді деген үміттемін.

Әдебиеттер тізімі: 07.2007ж №319-III Білім туралы кодексі; 07.2014ж №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; kz – Мемлекеттік органдар веб-сайты, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық эталондық бақылау банкі (zan.gov.kz); Olympic.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық Спорт Федерациясы.

Жасұлан ДАУЫЛБАЕВ,
экономикалық қауіпсіздікті құқықтық
қамтамасыз ету, 2 курс
Құралай ЖҰМАБАЕВА,
ғылыми жетекші, әлеуметтік

ғылымдардың докторы, доцент
Кенжеғали Сағадиев атындағы
Халықаралық Бизнес Университеті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий