Ақтөбе облысы: Ұлылығымен ұрпаққа ұлағат

Жергілікті білім беру ұйымдарында ұлттық ғылыми академияны қалыптастырған білікті ұйымдастырушы және алғашқы президенті, кеңестік кезеңде одақтас республикалар мен елімізде металлогения мектебінің негізін қалаған қазақ халқының тұңғыш академигі, көрнекті геолог ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың тарихи танымал тұлға ретінде есімін ұлықтау, жобалық-зерттеу жұмысын енгізу және жүзеге асыруда ақпараттық, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында “Сәтбаев салған жол-ұрпаққа ұлағат” тақырыбында бірінші ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.  

Басқосу барысында Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, “Батысқазжерқойнауы” өңіраралық департаменті және облыс орталығындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. ҚР Үкіметінің (14.06.2022 ж) №398 қаулысымен бұрын жаңа орта мектеп-лицейі аталған бұл білім ордасына (директоры Уразалина Айжан Даулетовна) Қаныш Сәтбаевтың есімі берілген болатын.

Үш жақты уағдаластықтың басты мақсаты – білім алушылардың ғылымға құштарлығын арттырып, зерттеу жобаларына Startup бастама болатын әрекеттерін ұйымдастыру, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Осы шараның шеңберінде мектеп-лицейде ғұлама ғалымның ескерткіш мүсіні салтанатты түрде ашылып, тағзым жасаушылардың гүл шоғы қойылды

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий