Білім бұлағы: Кітапты сүйіп оқы…

Қазақ  ауыз  әдебиетінің көне түрлерінің бірі – ертегілер болып табылады. Оның қай қайсысын алсақ  та тәрбиелік мәні өте көп. Мысалы: тұрмыс – салт ертегілерін естігенде өмірдің неше түрлі қырлары мен сырларын түсінуге, әр дүниені танып – білуге көмектессе, қиял – ғажайып ертегілерін оқығанда елді қорғаған қаһармандардың іс – әрекетіне қызығып, олардың жақсы істерін үйреніп, жаман істерінен жиренуге көмектеседі.

Ал хайуанаттар туралы ертегілерден табиғат пен жан – жануарлар дүниесін тереңірек тануға көмектеседі. Біздің білім ордасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бастауыш сыныптар арасында 1 «А» сынып оқушылары  «Мақта қыз бен мысық» жетекшісі Шарипбекова Раушан,  2 «А»  сыныбы «Қызыл телпек» жетекшісі Баянбаева Асем Бекмуханбетовна ,2«Ә» сыныбы « Түлкі, қоян және әтеш» Шакиева Гулвира Самаркановна, 3 «А» сыныбы «Алдардың Шықбермес Шығайбайға қонақ болғаны» жетекшісі Жаксылыкова Акшағала  Жасболатовна,

4 «А» сыныбы  «Екі лақ»  жетекшісі Сейлханова Галия Турсунтаевна өздерінің оқыған ертегілері бойынша  көрермен  алдыңда сахналап көрсетті. Кітап оқу оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорларын байытып, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Балаларды талдау, талқылау, салыстыру және қорытынды жасауға үйретеді. Белсенді қатысқан  оқушылар арнайы диплом  және сыйлықтармен марапатталды. Мектеп инстаграмм парақшасына  жарияланды. Еліміздің ертеңі жас ұрпақты барынша кітап оқуға қызықтыру, ол үшін барлық жағдайды жасау басты мақсатымыз болып табылады. Өзіміз оқи жүріп, өзгелерге де үлгі болатын мұндай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек.

Галия СЕЙЛХАНОВА,
Көктөбе мектебі, Павлодар облысы,
Май ауданы, Көктөбе ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий