Жатақхана мәселесі алдағы 3-5 жылда түбегейлі шешіледі

Жатақхана мәселесі алдағы 3-5 жылда түбегейлі шешіледі, – деп ресми түрде мәлімдеді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Ол бұл туралы «Хабар 24» арнасындағы «Сұхбат» бағдарламасында айтты.
– Мен министрлік лауазымын қабылдағанда 87 мың төсек-орын тапшылығы болды. Біз сегіз айдың ішінде 55 мыңға дейін азайттық. 22 мың төсек-орындық жатақханалар салынды. Осы жылдан бастап жылына 10 мың төсек-орынды енгіземіз. Келесі жеті жылда, яғни мемлекеттік тапсырыс негізінде 70 мың төсек-орын пайда болады. Мен мердігерлерді, құрылысшылар мен инвесторларды осы іске атсалысуға шақырамын. Қаржы орталығымыз бар.
Оның шарттарын түбегейлі өзгерттік. Сонымен қатар біз Астана, Алматы қаласында арнайы жобалық кеңселер құрып жатырмыз. Жалпы 55 мың тапшылық, яғни 70% Алматы, Астана қаласында. Одан кейін Абай облысы, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары. Сосын Түркістан облысы мен Шымкент бар. Бұл мәселе алдағы 3-5 жылда түбегейлі шешіледі, – деді министр.
 
 
 
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий