Дулати университеті: Жылдың үздік аруы анықталды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Дулати Аруы-2023» байқауы өтті. Сайыста білімі мен сымбаты келіскен 12 ару бақ сынады. Қазақ халқының педагогикасы негізінде салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, нәзіктік пен сұлулықты бойына сіңірген «Қазақ аруы» эталонын қалыптастыруды көздейтін бұл байқау көпшіліктің көңілінен шықты, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Ақыл-парасатымен ел басқарған, талайды тәнті еткен қазақтың даңқты қыздарының тұлғасын жастарға үлгі етіп қана қоймай, осы көріністерді сахналап көрсеткен арулар бірінен-бірі өткен өнерлі, талантты. Сұлулықты ғана емес, білім мен парасатты тең ұстаған «Дулати Аруы – 2023» атағының иегерін анықтау қазылар алқасына оңайға соқпады.  Байқау 4 кезеңнен тұрды: сәлемдесу, өнер сайысы, танымдық сайыс және кешкі сән үлгісін көрсету.

Сыннан сүрінбей өтіп, көрермен көңілінен шыққан аруларымыз жеңіс тұғырынан көрініп, тәж иеленді. Сайыс қорытындысы: І-орын Аружан Әзімбай, ІІ-орын Алия Жанабаева, ІІІ-орын Диляра Айнакулова және Нұршахризада Салимова. Бас Жүлде және «Дулати Аруы-2023» атағын «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» институтының «Жерге орналастыру» мамандығының 1-курс студенті Карина Хамитова иеленді. Барлық қатысушылар «Алғысхатпен» «Дипломмен» және бағалы сыйлықтармен мараппатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий