Түркістан облысы: Алаш аңсарының айнасы
Жергілікті білім беруді дамыту орталығы мен оқушылар сарайының бірлескен бастамасымен азаттықтың алғашқы қоңырауы атанған әйгілі «Қазақ» газетінің жарық көргеніне 110 жылдығына орай «Қазақ» газеті – Алаш аңсарының айнасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Тұркістан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байыпты басқосуға еліміздегі ғалымдардан бөлек Түркия елінен Эрен Акдениз, Қырғыз Республикасынан Шумкарбек Мейрамбекуулу, Якутиядан Озер Изабелла сынды алыс-жақын шет мемлекеттерден арнайы шақырылған зеттеушілер мен тарихшы мамандар қатысты. Пленарлық мәжілісте спикерлер тақырып аясында түрлі баяндама жасап, байырғы басылымның ел тарихындағы орны мен көркем әдебиетті дамытуға қосқан үлес және журналистика саласындағы ерекшеліктері туралы кеңінен әңгіме қозғады. Ғалымдар мен сарапшылар ғасырдан астам тарихы бар газеттің тарихынан сыр шертіп, құнды деректерге толы тұжымды ойларымен бөлісті.
Загрузка...Білім беруді дамыту орталығының директоры Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы, Түркістан қаласындағы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Қолдасова Оразкүл Шайхықызы, Сауран аудандық білім бөлімінің басшысы Батырбекова Ақмарал Үсенқызы мәртебелі меймандарға ізгі лебіздерін білдірді. Сөз шеберлерінің пікір таласында салмақты сараптауымен дараланған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің магистранты Айтимбетова Фариза Рахатовна ұйымдастырушылардың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.