Жамбыл облысы: Жас ғалымдармен жүздесу

Жергілікті оқу-әдістемелік кабинеттің бастамасымен қазақстандық ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай ұлттық ғылымның заманауи және тиімді жүйесі туралы мәселелерді талқылау және ғылыми жетістіктерге қол жеткізген ұстаздар мен білім алушылар арасында білім, тәжірибе алмасу мақсатында «Ғылымға жол-болашаққа нық бағдар» тақырыбында арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Басқосу барысында республикалық «Педагогикалық идеялар» байқауының екінші орын жүлдегері, ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.Қасқарбекова өз тәжірибесімен бөліссе, халықаралық «Infomatrix» ғылыми жоба жарысының қола медаль иегері 11-сынып білім алушысы Е.Аманбай «Polymino on checkered surfaces» тақырыбындағы ғылыми жобасымен таныстырды.

Бұл шараға аудандар мен Тараз қаласындағы білім беру ұйымдарынан облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалар байқаулары мен ғылым салалары бойынша түрлі байқаулар мен сайыстарда бақ сынып жүрген екі жүзден астам жас ғалымдар мен олардың жетекшілері белсене қатысып, жан-жақты пікір алмасты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий