Абай облысында «WorldSkillsAbai — 2023» бірінші өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр

Бұл чемпионатта 53 құзырет бойынша көшбасшылар анықталады. Облыстың 25 колледжінен командалар қатысуда. «WorldSkills» қозғалысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттырып, шеберлік дағдыларын дамыту.

Облысымызда «WorldSkills» қозғалысының танымалдылығы жылдан жылға артып келеді. Оған дәлел – құзіреттіліктер мен қатысушылардың санының артуы.

WorldSkillsAbai–2023 аймақтық чемпионатына 25 колледжден 53 құзіреттілік бойынша 196 студент қатысып, бес күн бойында бәсекеге түсіп, өздерінің кәсіби шеберліктері мен жеңіске деген табандылықтарын көрсетпек.

WorldSkillsAbai-2023 өңірлік чемпионаты жұмысшы мамандықтарды  танымал етуге бағытталған WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының іріктеу кезеңі болып табылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий