Химия және өмір жайдарман сайысы

Адамның ұстаздық, ғылым жолында білімінің жоғары деңгейде көрінуі оның тәрбиеленген ортасына байланысты болып жатады. Сол сияқты жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы дос болу үшін де адамға білім қажет. Мектеп қабырғасынан әр түрлі сайыстарға түсіп, жоғары оқу орнына келгенде білімді шыңдау әр білім алушының алға қойған мақсаты.

Білім әрине тек оқумен ғана шектелмейді, оны қолдана білу қажет. Қоғамда болып жатқан кейбір жағдаяттарға таңдаған мамандықтардың қажеттілін әртүрлі әдіс тәсілдермен игертудің маңызы зор. Сондай тәсілдің бірі – Жайдарман ойыны. Жайдарман ойыны – мектеп іспеттес. Уақыт өте келе, шәкірт жаңа білім, жаңа қасиет, жаңа қабілеттерге ие болады.

2023 жылдың 20 сәуірінде  әл – Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университеті «Химия және химиялық технология» факультеті «Жалпы және бейоганикалық химия» кафедрасы және жауапты оқытушылары химия ғылымдарының докторы, доцент Балғышева Б.Д., химия ғылымдарының кандидаты,  аға оқытушы Далабаева Н.С сондай – ақ факультеттің 7М01503-Химия мамандығының 1-курс магистранттарының ұйымдастыруымен республикалық деңгейде «Химия және өмір» тақырыбында Б.А.Бірімжанов залында Жайдарман сайысы өткізілді.

Сайысқа Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Қазақ Ұлттық Қыздар Университеті және әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің химия факультеттерінен 1-курс студенттері қатысты. Сайыс 4-кезеңнен тұрды. 1-кезеңі: «Сәлемдесу». «Сәлем-сөздің анасы» демекші, кез келген адамның тәрбиесі оның амандасып, саулық сұрасқанынан көрінеді. Командалар өздерін таныстырды. 2-ші кезеңі: «Жамбыату».

Командалар жай және әуенді әзіл айту арқылы өздерінің көпқырлығынан хабар берді, әрі отырған көрерменнің назарын аударды. 3-ші кезеңі: «Көшбасшылар сайысы». Мұнда суреттер экраннан көрсетілді, суреттерге қарай отырып, сол мезетте Жайдарман тақырыбын ашуға әңгіме құралды. Яғни, бұл адам бойындағы тапқырлықты, жылдам ойлауды дамытады. 4-ші кезеңі: «Құпия тапсырма». Яғни, химия пәні бойынша, мамандықтарына сай тапсырмалар берілді.

Kоманданың білім деңгейі тексерілді. Командалар өте жоғары дайындықпен келгенін олардың кезең бойынша айтылған және көрсеткен өнерлерінен көрінді.. Берілген тапсырмалардан мүдірмей өтіп, тұшымды әзілдерімен қазылар алқасының, сондай-ақ, залдағы көрерменнің көңілінен шықты. Нәтижесінде, қарсыластарынан оқ бойы оза шауып,  бәйгеде жүйрік атанған Қазақ Ұлттық Қыздар университетінің командасы болды.

Осындай командалық немесе топтық шаралар университет қабырғаларында жиі ұйымдастырылып отырылуы қажет. Өйткені, командалық жұмыс өскелең жастардың коммуникациялық белсенділігін дамытады, ортада өздерін ұстай білуге тәрбиелейді.

А. НИЯЗБАЕВА,
химия ғылымдарының кандидаты, доцент,
Д. БАЛҒЫШЕВА,
химия ғылымдарының докторы, доцент,
С. ДАЛАБАЕВА, химия ғылымдарының
кандидаты, аға оқытушы   

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий