Ел үздігі ақмолалық педагог

«Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің алтыншы республикалық байқауына еліміздің әр өңірінен еңбек өтілі үш жылдан аспаған 57 жас маман қатысып бақ сынаған болатын. Осы білім мен біліктілік бәйгесінде біздің аймақтың намысын Көкшетау қаласындағы М. Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының география пәні мұғалімі Маханова Аяулым, Атбасар қалалық №3 мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Умурзақова Дамели және «Білім-инновация» лицей-интернатының физигі Туткушев Алмаз қорғаған еді, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Үміткерлерге жан-жақты баға беретін қазылар алқасының құрамына білім беру саласындағы тәжірибелі мамандар, тренерлер мен педагог-практиктер (Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, «Дарын» республикалық ғылыми пралық орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы) енгізілген.

Щучинск қаласында ұйымдастырылған республикалық жас педагогтер байқауының үшінші кезеңдегі қорытындысы бойынша «Үздік жас мұғалім-2023» аталымына сәйкес Гран-приді №3 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі, атбасарлық ұстаз жерлесіміз Дамели Танатқызы иеленіп, бағалы сыйлықпен марапатталды. Және барлық қатысушыларға ұйымдастырушы бейіндік ведомстваның атынан арнайы сертификат табысталып, үздіктерге қошамет көрсетілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий