ҚР Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерімен кездесті
Кездесуге еліміздің 20 өңірінен 500-ге жуық жастар, колледждердің өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Тараптар техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөнінде пікір алмасты.
![](https://bilimdinews.kz/wp-content/uploads/2023/04/343014930_594736072600739_633759291926591930_n.jpg)
Ашық диалог алаңында студенттер оқу жағдайларын жақсарту бойынша өз көзқарастарымен бөлісіп және еліміздің бас педагогына тікелей сұрақтар қоя алды. Олар стипендияны көтеруге, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарын құруға және шетелде тәжірибе алмасу мүмкіндігіне қатысты болды.
– Министрлік техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылдауда. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледж студенттеріне стипендия 50% – ға, келесі жылдың көрсеткіші 100% – ға, яғни екі есеге дейін артады. Колледж студенттері әлеуметтік пакетпен – жол төлемдерімен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Дуалды оқыту шеңберінде колледж студенттеріне практикадан өту кезінде еңбек өтілі есептеледі. Колледж студенттері үшін жыл сайын 2000 – нан астам орынға жатақханалар салу жоспарлануда”, – деді Ғайни Бейсембаев. Естеріңізге сала кетейік, елімізде барлығы 772 колледж жұмыс істейді, онда 517 мыңнан астам студент оқиды.