Астана қаласы: Балалардың сурет байқауы
Биылғы наурыз айының 27-інен бастап елордасындағы білім беру ұйымдары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында балалар сурет байқауы ұйымдастырылған болатын. Басты мақсат – өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту және сыбайлас жемқорлық фактілеріне теріс көзқарасқа, жемқорлыққа қарсы қоғамдық пікірді қалыптастыруға бағытталған, – деп хабарлайды Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Белгілеген уақыт аралығында келіп түскен жетпіс төрт шығармашылық жұмысты қарап, бағасын берген қазылар алқасының шешімі негізінде үздік шыққан жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы құрмет грамоталарына қоса естелік сыйлықтармен марапатталды. Гран-при Іздібай Мерей – №63 мектеп гимназиясы, Бигалиева Жибек пен Кушекенов Дидар балалардың көркем сурет мектебі. Жүлделі бірінші орын Базаралина Мариям мен Ергалиева Жанэль балалардың көркемсурет мектебі, Байстен Бекжан – №77 мектеп гимназиясы және Мұратбек Дильназ – №15 мектеп гимназиясы.
Загрузка...Екінші орынға тұрақтағандар Намазбай Айша – №77 мектеп гимназиясы, Никитина Софья – балалардың көркемсурет мектебі, Аманжолова Инжу – Binom мектебі, Жұманов Амир – №61 мектеп лицейі. Ұшінші орын – Булатова Алуа мен Китебаев Исмаил және Қызықбайқызы Мерей балалар көркемсурет мектебінің оқушылары, Ақылбай Дария – №59 мектеп лицей шәкірті.