Қостанай облысы: Кейс технологиясының тиімділігі

Рудный қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы білім ордасында мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің бастамасымен «Оқу үрдісіндегі кейс технологиясының мүмкіндіктері» атты әдістемелік коворкинг ұйымдастырылып, қатысушыларға ең алдымен алаш арысы атанған ағартушы ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған көрмедегі құнды мұрағаттар таныстырылды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Ахметова пен мектеп басшысының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ибжар Ғ.Ж. «Кейс технологиясының тиімділігі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Қатысушылармен топтарда ситуациялық тапсырмалар орындалды, берілген суреттерге тақырыптық кейс құрастырылды, дебат элементі көрсетілді.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Жақсылыхова мен биология пәні мұғалімі М. Молдашева ұйымдастырған сабақтарында оқушылардың сыни ойлау дағдылары мен өздігінен ізденуге үйренгендігі, өз ойын ашық жеткізуге дағдыланғандықтары байқалды. Кейс технологиясының бір элементі болып табылатын пікірсайыс турнирінде ағылшын және қазақ лигасының окушылары ақпаратты дұрыс талдап, мәселені шешуде өз бетінше әрекет ете білу қабілетін көрсетті. Барлық қатысушылар іс-шараның сапасын жоғары бағалады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий