Басты назарда балалар құқығы

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова аймақ жетекшісінің бірінші орынбасары Әбдірахым Нұрлан Ерғалиұлының төрағалығымен ұйымдастырылған кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.

Жергілікті полиция департаментінің ювеналды полиция инспекторы, облыстық білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары шақырылған басқосу барысында аймақтағы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерге аударылды. Комитеттің мәліметінше, өңірде ЖКО салдарынан зардап шеккен балалар санының өсуі байқалады, олардың негізгі себептері – жаяу жүргіншілер өткелдер санының аздығы және оқу орындары орналасқан аудандардағы көшелердің жарықпен қажет деңгейде қамтамасыз етілмеуінде.

Сондай-ақ, комитет төрағасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтің, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңыздылығына тоқталып, биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы қорытынды бойынша жасалған талдаулардың нәтижесінде облыстағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид әрекеттерінің саны өскеніне алаңдаушылығын білдірді.

Насымжан Жамбекқызы сапары барысында бірқатар мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында, Алматы қаласының ЛА 155/6 түзеу мекемесінде (тәрбие колониясы) және балалар үш жасқа дейін аналарымен бірге тұратын әйелдер колониясы жанындағы балалар үйінің таныс-тіршілігімен танысып, бейнебақылау жүйесін, ескертуге арналған дабыл түймелерін, ЖБО-ға қосылуды, мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ жабық мекемелердегі балалардың базалық қажеттіліктерін қамтитын кешенді қорғау жүйесімен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий