Менделеев кестесін қолдануға болады

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында жергілікті мектептердің түлектерімен кездесу ұйымдастырып, Менделеев (химиялық элементтердің периодтық жүйесі) және тұздар ерігіштігі кестесінің басып шығарылған нұсқасын көрсетті.

Баршаңызға мәлім, «Химия» пәнін тапсырушыларға Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесі компьютерде беріледі. Алайда түлектер оның қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат сұрады. Осыған дейін айтқанымдай, біз биылғы ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарына қатысушы үміткерлердің ұсыныс қалауы бойынша кестелердің қағаз нұсқасын беру туралы шешім қабылдадық, – деді Руслан Тоқтарбекұлы.

Орталық жетекшісінің айтуынша, талапкерлер кестенің электрондық немесе қағаз форматын да қолдана алады. Сондай-ақ, ол талапкерлерге қағаз нұсқасын тест әкімшілері ҰБТ-ның өзінде беретінін ескертті. Естеріңізге сала кетейік, тестілеу кезінде барлық талапкер үшін компьютер экранында «Математикалық сауаттылық», «Математика», «Информатика», «Физика», «Химия» және «География» пәндері бойынша есептерді шешу үшін калькулятор қолжетімді болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий