Мағжан Жұмабаев – 130: Облыстық дебат сайыстың үздіктері
Қазалы ауданы әкімінің қолдауымен Қазалы аграрлы – техникалық колледжінде Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Қазалы ауданы әкімі кубогы» үшін «Мен жастарға сенемін!» атты облыстық дебат сайысы ұйымдастырылды.

Басты мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту. Аудан әкімінің орынбасары Тлеумбетов Дәурен Оңғарбайұлы ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, «Мен жастарға сенемін!» атты облыстық дебат сайысын «Қазалы ауданы әкімі кубогы» үшін жыл сайын Қазалы ауданында дәстүрлі өтетін шара болатындығын жеткізді. Жаңақорған, Қармақшы, Арал, Байқоңыр қаласы сынды облысымыздың әр аймағынан белсенді студент жастардан құралған 7 команда бақ сынады.
Сайысты облыстық білім басқармасының «Дарын» қосымша білім беру орталығының бөлім басшысы Имамзадаева Гүлбану Күзенбайқызы мен аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы қорытындылап, сайыс жеңімпаздарын мараапаттады. Қорытынды нәтижесінде бірінші орынды Қазалы аграрлы – техникалық колледжі, екінші орынды Арал индустриалдық – техникалық колледжі, үшінші орынды Қазалы көлік – техникалық жоғары колледжі жеңіп алды.

«Дебаттық креатив» аталымын «Қорқыт елі» командасы (Қармақшы аграрлы – техникалық колледжі), «Дебаттық креатив» номинациясын Жәнібекова Әзиза (Қармақшы аграрлы – техникалық колледжі), «Ең тапқыр ойыншы» аталымын Акаша Асылан (Қазалы көлік – техникалық жоғары колледжі), «Ең білімді ойыншы» аталымын Әлімбаева Ұлболсын (Қазалы қаласы жастары), «Ең үздік спикер» аталымын Жиенхан Шерхан (Жаңақорған аграрлы – техникалық колледжі), «Ең сенімді ойыншы» аталымын Нағыметуллаев Мирас (Қазалы аграрлы – техникалық колледжі), «Ең оратор ойыншы» аталымын Маликов Мұхханбетәли (Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі), «Ең үздік төреші» аталымын Муса Әзиза (Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі) иеленді.
Жеңімпаздарға аудан әкімі мен Қызылорда облысының білім басқармасының дипломдары мен алғыс хаттары табысталды. Сайысты ұтымды ұйымдастыруға эан-жақты қолдау көрсеткен Қазалы ауданының әкімі Оразбаев Мұхтар Әуесұлына және барлық мүмкіндік пен демеушілік жасаған аудан әкімінің орынбасары Тлкеумбетов Дәурен Оңғарбайұлына, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлына, аудандық мәслихаттың депутаты, Табынбаев Есет Жұмабекұлына ұжым атынан шынайы алғысымызды білдіреміз!
Гүлазат ЖАҢЫЛОВА,
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі
директорының тәрбие жұмыстары
жөніндегі орынбасары, Қызылорда облысы