Мектепке дейінгі білім: Бала өмірінің қауіпсіздік ережелері
Біздің ұжым тәрбиешілері балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретуге үлкен көңіл бөліп, қауіпсіз ортада өмір сүруге тәрбиелейді. Қауіпке ардайым дайын болып, оны көре білу керек.Еш уақытта үрейленбе. Барлық жағдайда сабырлық сақта. Барлық жағдайдан шығуға болатындығын әрдайым есте ұста. Қауіппен бетпе-бет келгеннен гөрі оны айналып өткен жақсы. Қауіпке тап болған кезде оған берілмей, күресу керек. Қауіппен күресте тек күш пен рух қана емес, білімнің де керектігін жадыңда ұста.

Босаған, қираған үйлердің, құрылыс алаңдарының маңына барма. Көрініп тұрған тоқ желілерін ұстауға болмайды, өйткені жоғары тоқ күші болуы мүмкін. Мына заттарды байқап қолдану керек: а) тоқ сөніп қалған уақытта телевизор үтік, шәйнек және тағы басқаларды қосулы қалдыруға болмайды. ә) газбен, газ баллонмен қолдану ережесін білу керек. Бұл заттардың иісін сезсеңіз, онда үлкен кісілерді шақырыңыз. Газ баллонның жанына жақындамаңыз. Дереу 04-ке қоңырау шалыңыз. Елу минут ішінде келмесе, баллонды көтеріп сыртқа шығару керек..
Жол ережелерін сақтау: көлік жолымен жүрме, арнайы жүргіншілер жүретін жолмен жүр; көлік жолын кесіп өтпе, бағдаршамды дұрыс пайдалан. Бөбекжай ішіндегі балалардың қауіпсіздік ережесін сақта.Өз-өзіңді ұстай біл, баспалдақты дұрыс пайдалан және онымен жүгірмеу керек. Электр жүйесінің маңына жолама. Жұмыс кезінде қайшымен, желіммен дұрыс жұмыс істеу керек. Желімнің көзіңе тиюінен сақтан. Құрал-саймандарды дұрыс пайдалан.
Шұңқырлардан аулақ бол. Жарақаттанудан сақтан. Бейтаныс жерде ата-анаңды жоғалтып алсаң, сол жерден кетпе; аулада, үйіңде қымбат заттардың көп екендігін айтып мақтанба. Көшедегі қауіпсіздік: ата-аналар сенің қайда жүргеніңді әр уақытта білуге тиіс; кешке дейін аулада ойнама; көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе; мастардан, күдікті адамдардан аулақ бол; бейтаныс үлкен адамдардың берген тартуын алма; бейтаныс адамның машинасына отырма; бейтаныс балалармен немесе ересектермен басқа подъезге, подвалға немесе басқа адамдар мен баруға болмайды.
Егер сені қуатын болса, адамдар көп жүретін жаққа қарай қаш (аялдама, дүкен, жарығы бар көше және басқа жақ); бейтаныс жерде ата-анаңды жоғалтып алсаң, сол жерден кетпе. «Қауіпсіз мектеп», «қауіпсіз балалық шақ» акциясына байланысты қауіпсіздік ережесі Мақсаты: көшедегі қауіпсіз жол жүру ережелерімен таныстыру. Баланың жолға деген бақылаушылығын дамыту. Үйден шығар кезде: егер үйдің алдында қозғалыс мүмкін болса, баланың назарын көліктің бар-жоғын анықтауға аударту.
Тротуармен қозғалыс кезінде, оң жақта жүру. Жолды өтуді дайындалғанда, тоқтап, жолдағы қозғалысты қадағала. Қозғалысыңды нақты жаса. Жолды бақылау үшін басты бұру. Баланың назарын бұрылып келе жатқан көлікке аударту. Жолда тек жаяу жүргінші жүруге болатын жерден өту керек. Машиналар болмаса да, жолды бағдаршамның жасыл түсіне өту қажет. “Жер асты жаяу жүргінші өтуге болады”, “Автобус, троллейбус, трамвай, такси тоқтайтын орын”. Әр бала өзінің мекен-жайы мен есімін, ата-аңасының аты-жөнін дұрыс айта білуі керек.
Зина Жүнісбековна МОЛДАКУЛОВА,
№41 «Балбөбек» бөбекжай бақшасының
меңгерушісі, Шымкент қаласы