Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды / Стартовал мониторинг образовательных достижений обучающихся

2023 жылдың 26 сәуірінен 11 мамыр аралығында елімізде 4 және 9-сынып оқушылары арасында білім жетістіктерінің мониторингі өтіп жатыр. Бұл оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың ұлттық инструменті. Бұл инструмент 2021 жылы «Білім туралы» Заңға енгізіліп, 2022 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы нәтижелерді өткен жылғы нәтижелермен салыстырып, талдау жасайтын боламыз.

Мониторингке 1472 мектептен 50 мыңнан астам оқушы қатысып, үш бағыт бойынша компьютерлік кешенді тестілеуден өтеді. Ол оқу, математикалық және жаратылыстану бағыттары. Оқушылардың білімін сырттай бағалауда академиялық адалдықты қамтамасыз ету – оқушының нақты білімін бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің қойған бағасы сырттай бағалаудағы бағамен неғұрлым сәйкес болса, берілетін білімнің шынайылығы анықталады.

Биыл білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін өткізу кезінде академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын бақылау үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері, Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және педагогикалық жоғары оқу орындарының қызметкерлері тартылды. Халықаралық зерттеулердегі сияқты ББЖМ-нің өткізу барысын әр аудиторияда тест-әкімшілер қамтиды.

Мониторинг барысында білім алушылардың білім сапасына әсер ететін факторларды анықтау үшін тест тапсырушылар, педагогтер және білім беру ұйымдарының әкімшіліктері арасында сауалнама жүргізіледі. Осы әдістер халықаралық PISA зерттеулерінде де қолданылатынын өздеріңіз білесіздер.

«Қазіргі заманда дамудың басты кілті – білім. Біз заман талабына барынша бейім, сондай-ақ жарқын болашақты өз қолымен қалайтын жасампаз ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. PISA халықаралық зерттеуіне қарасақ, еліміз соңғы 10 жылда орта білім сапасы бойынша 80 елдің ішінде елуінші-алпысыншы орыннан көтерілген жоқ. Демек, жағдайымыз мәз емес. Басты түйткілдің бірі – балалардың білімін біржақты бағалау. Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріледі. Оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуден алған бағасы мен мектептегі бағасы екі түрлі. Айырмашылық 30 пайыз немесе одан да көп болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай алшақтық халықаралық және ұлттық бағалау кезінде байқалады. Ашығын айтсақ, мұның бәрі жаппай белең алған көзбояушылықтың кесірінен болып отыр. Өзіңді өзің алдау жарға жығады», – деп атап көрсетті Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Барлық педагогикалық ұжымдарды, мұғалімдерді оқушыларымыздың оқу жетістіктерін бағалауда объективтілікке, адалдыққа шақырамыз. Оқу-ағарту министрлігі осы бағытта нақты шараларды заңнамалық, нормативтік-құқықтық негізде, тәжірибе жүзінде іске асыруда.

В период с 26 апреля по 11 мая 2023 года среди учащихся 4 и 9 классов проводится Мониторинг образовательных достижений (МОДО).

Национальный инструмент оценки учебных достижений обучающихся – МОДО – был введён в Закон «Об образовании» в 2021 году и впервые был проведён в 2022 году. В текущем году имеем возможность сравнить результаты с итогами прошлого года.

Соблюдение принципов  академической честности при оценке учебных достижений обеспечит реальную оценку полученных знаний обучающихся. Чем меньше разница между независимым оцениванием и оценкой учителя, тем более объективны показатели качества знаний в учебном заведении. Минимальная разница также свидетельствует об единых оценочных подходах как внутри, так и вне школы.

В этом году в МОДО принимают  участие более 50 тысяч школьников из 1472 школ в форме компьютерного комплексного тестирования по трем направлениям: читательская, математическая и естественно-научная грамотность.

 В этом году в качестве наблюдателей за соблюдением принципов академической честности во время проведения МОДО привлечены сотрудники Министерства просвещения РК, территориальных департаментов Комитета по обеспечению качества в сфере образования, Национального центра повышения квалификации «Өрлеу» и педагогических вузов. Формат проведения стандартизирован по аналогии с проведением международных исследований с привлечением тест-администраторов в каждой аудитории.

 Также во время мониторинга  проводится анкетирование среди тестируемых, педагогов и администрации организаций образования для определения факторов, влияющих на качество знаний обучающихся. Такой метод применяется, как вам известно, и при проведении PISA.

«Қазіргі заманда дамудың басты кілті – білім. Біз заман талабына барынша бейім, сондай-ақ жарқын болашақты өз қолымен қалайтын жасампаз ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. PISA халықаралық зерттеуіне қарасақ, еліміз соңғы 10 жылда орта білім сапасы бойынша 80 елдің ішінде елуінші-алпысыншы орыннан көтерілген жоқ. Демек, жағдайымыз мәз емес.

Басты түйткілдің бірі – балалардың білімін біржақты бағалау. Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріледі. Оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуден алған бағасы мен мектептегі бағасы екі түрлі. Айырмашылық 30 пайыз немесе одан да көп болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай алшақтық халықаралық және ұлттық бағалау кезінде байқалады. Ашығын айтсақ, мұның бәрі жаппай белең алған көзбояушылықтың кесірінен болып отыр. Өзіңді өзің алдау жарға жығады.

Надо продумать, как объективно оценивать полученные знания в школе. В то же время нет смысла создавать новые ведомства или центры тестирования, сертификации и прочее…» – отметил Глава Государства К.К. Токаев.

Призываем все педагогические коллективы, всех учителей объективно оценивать знания детей, соблюдать принципы академической честности. Министерство просвещения ведёт системную работу в данном направлении.

Шолпан КАРИНОВА,
ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий