Республикалық челлендж: “Менің класым буллингке қарсы” акциясына бес мыңнан астам оқушы қосылды
Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының хабарлауынша, «Менің класым буллингке қарсы» челленджіне 5000-нан астам қазақстандық оқушы қосылды. Іс-шара оқушылар мен мұғалімдер назарын жәбірлеу мәселесіне аудару, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында буллингке қарсы ой қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Айта кетейік, республикалық акция 19 мамырға дейін жалғасады. Челлендж қорытындысын «Менің класым буллингке қарсы» жалпы республикалық флешмобымен аяқтау жоспарланған.