Атырау университетіндегі республикалық хакатон

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алушыларының арасында «Atyrau SmartTeam Hackathon» республикалық хакатонын өткізді. Онда студенттерге университет өмірінің түрлі аспектілерімен байланысты және онлайн кітапхана, студенттерді оффлайн тестілеуге арналған веб-сервис, студентер мен оқытушылардың мәліметтері бар веб-сервис, талапкерлерге арналған кәсіптік бағдар беру мобильді қосымшасы және ЖОО студенттеріне арналған рекрутингтік сервис жасау кіретін бес тапсырма берілді.
Бірінші орын мен 200000 теңге көлеміндегі жүлдені студенттерді оффайн тестілеуге арналған веб-сервис жасаған Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «YASSAWI» командасы, екінші орын мен 150000 теңге көлеміндегі жүлдені ЖОО-ларға арналған онлайн кітапхана жасаған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «iPunk» командасы алды. Үшінші орын мен 100000 теңге көлеміндегі жүлде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «inSight» және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Dream Team» командаларына бұйырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий