“WORLDSKILLS Aktobe – 2023”: Облыстық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

Ақтөбе облысында бес күн бойы өткізілген «WORLDSKILLS Aktobe – 2023» өңірлік чемпионатының жабылуы өтті. Жабылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Б ұлбұл Елеусінова қатысып, қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтап, алдағы республикалық байқауға қатысатын студенттерге сәттілік тіледі.
«WorldSkills» жобасы – бүкіл әлемде кең таралған халықаралық жоба, оның негізгі мақсаты жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін насихаттау және арттыру, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады. Жобаның басты мақсаты – сәтті жұмыс табу, сұранысқа ие жұмыс орындарын қамтамасыз ету екендігін ескерсек, бұл жоба еліміздің жас мамандары үшін үлкен бағыт.
Чемпионат 66 құзыреттілік бойынша өткізілді: веб-дизайн, электр монтажы, аспаз ісі, шаштараз өнері, дәнекерлеу технологиясы, киімді жобалау және модельдеу, мехатроника, тас қалау және т. б. Аталған чемпионатқа Ақтөбе облысының 32 колледжінен 18 жастан 22 жасқа дейінгі 300-ге жуық жас болашақ мамандар қатысты. Байқау 11 колледж базасында өткізіліп, оларға әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың жетекші мамандары сарапшылық етті.
Чемпионатқа қатысу бәсекелестік рухты қалыптастырады және салауатты бәсекелестікті дамытады, бұл оқудың мотивациясын арттыруға, сонымен қатар жастарды техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне тартуға оң әсер етеді. Жеңімпаздар маусым айында Астанада өтетін республикалық чемпионатта Ақтөбе облысының атынан қатысады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий