Педагог біліктілігі: Мақсат пен құқықтық нормалар

Біздің ұжымның тарихы сонау 1973 жылғы наурыз айының 20-ы күні құрылған Маңғышлақ облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты болып құрылғаннан басталатын бірден-бір оқу орны болып табылады. Институттың жүзеге асыратын қызмет түрлері: мектепке дейінгі білім беру, бастауыш білім беру, орта білім беру, негізгі және жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру салаларындағы педагогтердің біліктілігін арттыру және оларды үздіксіз кәсіптік дамыту, сондай-ақ, оқытудың барлық деңгейлерінде және барлық нысандарында ересектердің біліктілігін арттыру және оқыту.

Өңірдің білім беру жүйесінде педагог қызметкерлерінің кәсіби дамуын үздіксіз қамтамасыз етумен қатар, отандық білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға сәйкес біліктілікті арттыру жүйесін жаңғыртуға қатысады, содай-ақ, педагогтермен қатар ересектерді оқытудың барлық деңгейлерінде және барлық нысандарында кәсіби дамытудың үздік халықаралық және отандық тәжірибесін зерделейді және енгізеді әрі біліктілікті арттыру саласындағы құқықтық нормаларды басшылыққа алады.

Бейіндік ведомства бекіткен қағидаларға сәйкес, біліктілікті арттыру курстарын штаттық (штаттан тыс) тренерлер, оның ішінде ғылыми дәрежелері (ғылым кандидаты және (немесе) ғылым докторы және (немесе) философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор) және (немесе) философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар және (немесе) философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор дәрежелері бар оқытушылар және (немесе) “педагог-зерттеуші” және (немесе) “педагог-шебер” біліктілік санаты бар педагогтер қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша кемінде және (немесе) 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар өндірістік кәсіпорындардың мамандары біліктілікті арттыру ұйымдары штатының жалпы санының кемінде 40 (қырық) пайыз (бұдан әрі – %) қызметкерлері жүргізе алады.

Министрліктің (04. 05. 2020 ж, № 175) бұйрығымен бекітілген «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына» сәйкес педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту  тәртіптері белгіленген. Білім саласында, оның ішінде педагогтердің біліктілігін арттыруға қатысты бүгінгі күннің басты талабы дамыған елдердің озық деңгейлі практикаларын ескере отырып, педагог кадрларды сапалы қайта даярлауды жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыру саласын реттейтін құықтық нормаларды одан әрі дамыту.

Абдибек Мамышұлы ОРАЗОВ,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығы» акционерлік қоғамының
Маңғыстау облысы бойынша кәсіби
даму институты» филиалының әкімшілік
кадрлық жұмыс басқармасының басшысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий