Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы мен еңбек ресурстарын дамыту орталығы серіктестікке қол қойды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Ұлттық біліктілік жүйесінің базалық құралдарын енгізу шеңберінде серіктес болды.
Тиісті меморандумға «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Д.Р. Аргандыков және «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК директоры А. А. Мухатаев қол қойды. Ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кәсіби стандарттарды пайдалануда, Ұлттық біліктілік жүйесін іске асыруда тараптардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.
Меморандум шеңберінде тараптар кәсіби стандарттарды өзектендіру және әзірлеу қажеттілігін бірлесіп талқылап, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесі мен білікті кадрларды даярлау жүйесін әдіснамалық қолдауды қалыптастыратын болады. Ұлттық біліктілік жүйесінің барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылы, өзекті ақпаратқа еркін қол жеткізу үшін Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс топтары құрылатын болады, кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер үшін жоғары білім беру саласында бірлескен вебинарлар, тренингтер және өзге де іс-шаралар өткізілетін болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий