Мұғалімнің мәртебесі: Әлеуметтік және кәсіби біліктілігі ізденісінде
Қазақстанның білім берудің жалпы ұлттық басымдылыққа көшуі баршаны қуантады. «Білім беру сапалы болу қажет» деген ұран білім саласында шешімді де өткір көкейтестілікті тапты. Бүгінгі күнде білім берудің форматы мен міндеті өзгерді. Оқытудың жаңа нәтижесіне негізделген, оқушының, мұғалімнің өзін-өзі дамытуын реттейтін білім берудің жаңа үлгісі құрылды.

Баршамызға мәлім, оқушыларға ұсынылатын оқу материалдарының құрамы мен көлемі емес, оқытудың нәтижесі обьект болып табылуда. Мақсатқа жетудің құрамы болатын білімнің көлемі емес, осы білімді пайдалану қабілеттілігі, сол білім негізінде шешім қабылдау және әрекетті іске асыру қабілеті бағаланады. Біздің өмірімізде пайда болған «Құзырлық» деген термин: оқыту, жеке тұлғалық, пәндік, әлеуметтік, кәсіптік, біліктілік деп бірнеше салаға бөлінеді. Әрине, жаңаны іске асыруда басты роль мұғалімдерге жүктеледі.
Бүгінгі күні әдістемелік мәдениетті меңгерген, нәтижені алдын-ала болжайтын, сол нәтиженің жетістігіне қарай өз қызметін жобалай біліетін мұғалім-зертеуші, әрі шебер-мұғалім ауадай қажет. Мұндай педагогты қалай тәрбиелеу керек? Біздің мектептің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері мектепте құрылған 4 әдістемелік бірлестік арқылы және әрбір мұғалімнің проблемаларын өзара алмастыру арқылы шешіледі. Әрбір мұғалімнің өзінше әрекеттесу траекториясы бар, ал оның кәсіби шеберлігін өсіретін жеке жоспарынан айқын көрінеді.
Мектебімізде әр тоқсан сайын әдістемелік айлық өткізіледі, оны әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, тәжірибелі, шебер ұстаз жетекшілік жасайды. Айлық барысында мұғалімнің мотивациясын көтеру, жақсы моральдық-психологиялық жағдай туғызу, оқушылармен өзара сенімді, сыйласымды қатынас жасау, жоғары кәсіби шеберлігі дамыған ұстаздар тәжірибесімен бөлісу, тәжірибе жинақтау жұмыстары жүзеге асырылады. Міне осының бәрі ең бастысы – нәтижелі-сапалы білім беруге негізделеді.
Мектебіміз ауылдық жерде орналасқан шағын жинақты мектептердің қатарында. Мектепте ұстаздар тарапынан оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруіне толық жағдай жасалынған. Бір мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыстың барысында ұжым үлкен нәтижеге жетті. Соның бірі мысал ретінде осы жылы өткен оқушылардың республикалық пән олимпиадасында оқушымыз Берген Балжан жүлделі екінші орынды жоғары бал жинап жетістікке жетсе, облыстық пән олимпиадасынан Жамбыл Ақниет деген оқушымыз жүлделі үшінші қатардан көрінді.
Және де басқа да әр түрлі әр бағыттағы байқаулардан оқушыларымыз жүлделі оралуда. Сонымен қатар, әр жыл қатарынан мектептен шығарған «Алтын белгі» иегерлері бүгінгі күнде оқу грантын жеңіп, жоғарғы оқуын жалғастыруда. Ұлттық бйрыңғай тесттілеу сынақтарының жоғары оқу орнына түсу үшін керек екенін білеміз. Сонда да болса он бір жыл бойы оқыған баланың білімі сараланып, көрінері анық. Соңғы жылдары ұлттық бірыңғай тестілеуден оқушыларымыздың орташа балы 125 балл мен 105 болды көрсетіп отыр.
Бұл да болса мұғалімдеріміздің үлкен еңбегінің нәтижесі деп айтқым келеді. Қашан және қандай жағдайда мұғалімнің әлеуметтік мәртебесі өзгермекші? Әрине жақсы жағына өзгеріс жасау үшін 2019 жылы «Педагог мәртебесі» заңы қабылданды. Бұның өзі ұстаздар беделінің артып, білімінің шыңдалуына үлкен қорғаушы күш деп білемін. Бұл құжатта мұғалімнің міндеті, құқығы мен біліктілігін көтеруі және тағы да басқа мүмкіндіктері көрсетілген. Мұғалім біліктірек болған сайын, нәтиже де сапалы болмақ. Бүгінгі күні қоғамға да керегі осы.
Лайла Айтбековна ШУКЕЕВА,
Сарысу орта мектебінің директоры,
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы