Мектепке дейінгі ұйымдарда цифрлық трансформацияны дамытудың маңызы
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесінде цифрлық трансформацияны дамыту – күрделі компьютерлік бағдарламалар нәтижесінде дайындалған цифрлық ресурстарды пайдалануды арттыру болып табылады. Цифрлық ресурстар баланың жаңа сөздер мен басқа тілді меңгеруіне, жаңа білім мен біліктерді меңгеруге ықпал етеді. Цифрлық ресурстар ретінде қазіргі уақытта көптеген шетел порталдарында әр түрлі дамытушы және үйретуші балалар ойындары ұсынылады.
Олар балалардың үйде, көшеде өз бетімен немесе педагогтың бақылауымен де білім алумен айналысуына көмектеседі. Осы ойындар арқылы балалар оны қоршаған табиғат пен әлеуметтік ақиқат туралы алғаш рет абстрактылы ойлауға үйренеді. Цифрлық ресурстардың басты көзі: компьютер. Компьютер – заттық-дамытушы ортаны байытушы және түрлендіруші элемент. Ондағы ойындар интерактивтік пен іс-әрекеттік қағидаларды іске асыра отырып, баланың көру, есту, қабылдау, есте сақтау, сөздік-логикалық ойлау және тағы да басқа психикалық қызметтерін дамытуға бағытталады.
Сондай-ақ ерте жастағы балалар ересектерге қарағанда жаңа білімдерді көбірек жақсы сіңіреді. Бастысы – оларға оқуды тек тым жеңіл және жағымды ету ғана маңызды. «Компьютерлік технологияларды меңгерген мектеп жасына дейінгі бала «санада ойлауға» аса дайын болады да, мектепке баратын балалардың ойлауына қойылатын негізгі талаптардың бірі болып саналады. Қазіргі балалар медиа әлемімен ерте кездеседі.
Цифрлық трансформацияны дамыту нәтижесінде жүргізген ғылыми зерттеулерде ақпаратты берудің мультимедиалық тәсілінің арқасында мектеп жасына дейінгі балалар келесі нәтижелерге қол жеткізеді: форма, түс және шама ұғымдарын оңай ұғып алады; сандар мен жиын ұғымдарын терең түсінеді; жазықтық пен кеңістікте бағдарлау біліктілігі тез пайда болады; назар аудару мен жадтың элективтігі жаттығады; оқу мен жазуды ерте меңгереді; сөздік қоры белсенді түрде толықтырылады.
Және ұсақ моторикасы дамиды, көз қозғалыстарының нәзік үйлесімі қалыптасады; жай реакциясының да, таңдау реакциясының да уақыты азаяды; мақсатқа талпынушылық пен жұмылдырушылық тәрбиеленеді; елестету мен шығармашылық қабілеттер дамиды; көрнекілік-бейнелік пен теориялық ойлау элементтері дамиды. Демек, балабақшаның білім беру ортасына цифрлық трнсформацияны қосу – баланың ойын кеңістігін байытуға бағытталған практикалық іс-әрекеттердің нәтижесі, педагогке қол жетімді әдістеме құру, цифрлық жабдықты енгізу болып табылады.
Цифрлық ресурстардың пайдалы және зиянды тұстары да бар, оны да ескеруіміз қажет. Цифрлық ресурстарды барлық ұйымдастырылған оқу қызметтерінде тіл дамытуда, математикада, музыкада, әртүрлі әрекеттерде қолдануға болады, Мысалы: таңертеңгілік жаттығуды педагогтың орнына мультфилм немесе ертегі кейіпкерлерінің арқылы өткізу. Ең бастысы-роликті табу немесе оны өз бетінше жасау.
Телефон немесе роботты тек екі жасар бала ғана қызыға ұстайды. Ал, 3-6 жастағы балаларға қызықты мазмұн болуы керек, сондықтан педагог цифрлық технологиялар көмегімен не істегісі келетінін анық түсінуі керек. Егер технологиялар артық болса, олардан бас тарту керек. Яғни, бірінші кезекте дамыту керек нәрселер бар екенін ұмытпау керек. Цифрлық транформация – бұл тиімді техникалық құрал деп сеніммен айтуға болады, оның көмегімен мектепке дейінгі ұйымдағы жұмысты айтарлықтай түрлендіруге болады.
Қорытындылай келе, мектепке дейінгі мекеме қызметінде цифрлық жабдықтарды пайдалану мектепке дейінгі білім беруге инновациялық үдерістерді енгізуге, ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге, білім беру саласындағы басқарудың барлық буындарын жетілдіруге мүмкіндік береді, компьютерде жұмыс істеу дағдыларын дамытуға және шығармашылық қиял мен қиялды арттыруға көмектеседі.
Зағира Қожабергенқызы ҚАШҚЫНБАЕВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,
«Ұстаз» институты, «Мектепке дейінгі және бастауыш
білім беру кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры (доцент)