Цифрландыру жағдайында бастауыш мектепте білім беру ресурстарын дамытудың өзектілігі

Қазіргі уақытта әлемде орын алып жатқан төртінші өнеркәсіптік революция – қарқынды ақпарат ағыны мен жоғары технологиялық инновациялар өмірімізге сан қырлы жолмен ықпал етіп, осы өзгерістерге бейімделуді және жаңа шарттар жағдайында дами білуді талап етіп отыр. Цифрлық білім беру ресурстары – білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың ЦБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі.

Демек, цифрлық білім ресурсы мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қосымша материалдарды ұсынады, яғни сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға, оқушылардың назарын аса маңызды оқу тақырыптарына аударуға, қажет болған жағдайда оқушылардың назарын зерделенген көріністердің ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарымен және тағы да басқа құбылыстармен байланыстыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында THESIS.KZ білім беру порталы «Бірінші қыркүйек» 1september.kz Республикалық ақпараттық-әдістемелік орталығымен бірге «Digital School» – «Цифрлік мектеп» жобасын жүзеге асыруда. Бұл жоба ең алдымен мұғалімдерге бағытталған: қазіргі заманғы мектепте ақпараттық мәдениетті дамыту, цифрлік оқыту ортасын құру, жаңа электронды оқу өнімдерді тәжірибелік дамыту. Бүгінде білім беру ұйымдарын жаппай цифрландырудың маңызы болашақ ұрпақтың кез келген салада ақпараттық сауаттылығын арттырып, шеберліктерін шыңдап, жан-жақты іскерлігін дамытып, бәсекеге қабілетті етіп, білім кеңістігінде өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Цифрландыру абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті – білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті ел жастарын дайындау. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру процесіне цифрландыру жүйесі өте қажет. Бастауыш мектептің білім беру процесіне енгізілген жаңа технологиялар мектеп оқушыларын үйреншікті сабаққа қарағанда әлдеқайда көп қызықтыра алады. 

Мәселен, мысалы, Англияның Гранж мектебі мектептің ішіндегі «қала» сияқты жасалған. Гранж мектебінде телевизия мен радиостанциялар құрылып, балаларға әлем шынайылығындағы жағдайларды жақсартуға көмектеседі. Цифрлық білім беруге және цифрлық экономикаға жаһандық көшу цифрландыру процесі өзектілігінің белсенді өсуін тікелей көрсетеді. Табысты цифрлық экономика мен білім беруді құру біздің еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің мемлекеттік саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.

Өз кезегінде, білім беру саласындағы технологияларды дамытудың мақсаты оларды толық бейімдеу және қойылған педагогикалық міндеттерді барынша ыңғайлы шешу үшін оқу процесіне барынша ыңғайлы енгізу болып табылады.

Алима Толеуовна КЕНЖЕБАЕВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,
«Ұстаз» институты,
«Мектепке дейінгі және бастауыш
білім беру» кафедрасының меңгерушісі,
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий