“Worldskills Aqmola – 2023”: тоқсан үш қатысушы өңірлік чемпионаттың жеңімпазы атанды

«WORLDSKILLS AQMOLA – 2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы шығарылды. Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Әміренованың қатысуымен «WorldSkills AQMOLA– 2023» өңірлік жұмысшы кәсіптер чемпионатының салтанатты жабылуы бүгін Красный Яр ауылының “Көкше” МҮ-де өтті, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Іс-шараға «КАМАЗ Автосервис орталығы» ЖШС, «Еуразия Групп Казахстан» ЖШС, «Kazrost Engineering LTd», «Ақай» сән үйі және т. б. колледждердің әлеуметтік әріптестері шақырылды. Бірнеше апта бойы Ақмола облысынан ғана емес, сондай-ақ республиканың басқа облыстарынан 18 бен 22 жас аралығындағы 333 қатысушы Көкшетау, Степногорск, Щучинск, Қызыл Яр және Катаркөл колледждерінің 10 алаңында 59 құзырет бойынша сайысқа түсті.

Олар «Құрылыс және құрылыс технологиялары», «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар», «Өндірістік және инженерлік технологиялар», «Өнер және дизайн», «Әлеуметтік және жеке қызметтер», «Көлік және логистика», «Білім беру», «AgroSkills», «AbilimpiksSkills» бағыттары бойынша бақ сынады. Өңірлік чемпионаттың «Ветеринария», «Құтқару жұмыстары» құзыреттіліктері бойынша қатысушылар Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарынан шақырылды.

Биыл алғаш рет студенттер «ВІМ ақпараттық модельдеу технологиясы», «Сәнді киімдер мен аксессуарлардың дизайны», «Ландшафт дизайны» және тағы да басқа құзыреттер бойынша жарысты. «Сіздер аймақтың үздік жас мамандарысыздар. Сіздердің әрқайсыларыңыз білім, дағды және талант арқылы жоғары жетістікке жеттіңіздер. Облыстың дамуына елеулі үлес қосатын бәсекеге қабілетті маман болатындарыңызға сенімдімін», – деп атап өтті Алтынай Әміренова және балалардың тәлімгерлеріне шеберліктерін, кәсібиліктері мен шығармашылықтарын қажырлы түрде шыңдағаны үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты осы жылдың 23-28 маусымында Астана қаласында 30 құзырет бойынша өтеді. Ақмола облысынан өңірлік чемпионаттың бірінші орындарының иегерлері, 32 қатысушы бақтарын сынайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий