Шығыс Қазақстан техникалық университеті: Ұлттық тестілеу орталығы директорының қатысуымен жалпыға бірдей ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды

Ұлттық бірыңғай тестілеу түлектердің де, ата-аналардың да көңілін қобалжытатын елеулі сынақ. Ашық ақпарат көздеріне сенсек, былтыр елімізде 500 мыңға жуық оқушы ҰБТ тапсырған. Маңызды емтихан тапсыру, одан кейінгі кезеңдерде кәсіптік білім алу жайы әртүрлі деңгейде талқыланады, – деп хабарлайды шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ биыл тек қана ата-аналарға арналған арнайы жалпыға бірдей жиналыс ұйымдастырды. Елімізде мұндай жиналыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы жалпыға бірдей жиналысқа қатысқан Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев атап өтті. Өңірдің көптеген мектептерінен келген ата-аналар қауымының жиынына ШҚО Білім басқармасы басшысы Инесса Чернышева да қатысты.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті арнайы қонақтар үшін экскурсия ұйымдастырылып, оқу орнының материалдық техникалық базасы таныстырылды. Ата-аналардың назарына жоғары оқу орнының әлеуеті, жаңа технологиялары, Гемификация, құзіреттілік және трансфер орталықтары, зертханалары ұсынылды. Кездесуде ғалымдардың, студенттердің білім сапасын да жеке бағалауға мүмкіндік алды.

Жалпыға бірдей ата-аналар жиналысында Руслан Тоқтарбекұлы биылғы ҰБТ өзгерістері, жаңашылдықтары, тәртіптері мен ережелері туралы баяндады. Ұлттық тестілеу орталығының директоры жиналыстың ерекшелігін, тек ата-аналардың қатысуының маңызына ерекше мән берді. – Ұлттық бірыңғай тестілеу кезеңінде ең жиі кездесетін тенденция – грантқа деген жанталас. Тегін білім қаншалықты маңызды болса, түлектің, елдің болашағы үшін «дұрыс мамандық таңдаудың» маңызы кем емес, тіпті кей жерде әлдеқайда артық болмақ, – деді Руслан Емелбаев.

Инесса Александровна өңірдегі ҰБТ ұйымдастыру шаралары, биыл қатысатын оқушылар статистикасы туралы ортақ деректерді ұсынды. Іс-шара Ұлттық бірыңғай тестілеуге негізделсе де, кәсіптік бағдар беру мәселелері шетте қалмады. Бұл туралы Руслан Тоқтарбекұлы өз баяндамасында да, ата-аналардың сұрақтарына жауап беру барысында да атап өтті. Жиналысқа өңірден екі жүзге жуық ата-ана келіп, онлайн режимде жүзге жуық адам қатысты. Жиын соңында балалардың оқуына, ғылыми жұмыстарына белсенді қатысқан ата-аналарға университет атынан алғыс жарияланды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий