Ауылдық мектептің оқушыларын тасымалдауға арнайы автобус берілді

Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары мен мұғалімдерінің қарамағына 40 орындық жаңа және жайлы мектеп автобусы түсті. Автобус кілтін тапсыру рәсіміне Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Алма Айткужинова, аудан мәслихат төрайымы Ләзат Қонарбаева, Целиноград ауданының білім бөлімінің басшысы Сейфулла Ысқақов, педагогикалық ұжым және мектептің білім алушылары қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қажымұқан ауылының тұрғындары атынан қатысқандардың барлығын Раушан Қалманқызы құттықтап, ауыл ақсақалы Қазымбек ата батасын берді. “Осы жаңа жайлы мектеп автобусымен біздің балалар енді мектепке жетіп қана қоймай, экскурсияларға, білім беру және спорттық жарыстарға да бара алады. Баланың үйден мектепке дейінгі және қайту жолы, ең алдымен, қауіпсіз болуы керек, – деп атап өтті Алма Айткужинова.

Жаңа автобус жылдамдықты шектегіштермен, қауіпсіздік белдіктерімен, ауаны баптау жүйесімен жабдықталған. Ол ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген: автобуста пандус және жүргізушіні шақыру түймесі бар. Автобуста 38 орындық және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған екі орын бар. Білім беру ұйымдарының автопаркі жыл сайын жаңартылып, толықтырылып отырады. Соңғы екі жылда облыстық бюджет есебінен 13 автобус сатып алынды.

Жыл сайын ауыл мектептерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы Нұресіл, Қабанбай батыр, Ақмол ауылындағы мектеп ғимаратына, Жалғызқұдық ауылындағы балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге және Арайлы, Ы.Алтынсарин, Қабанбай батыр, Бірлік ауылындағы мектептерге ағымдағы жөндеу жүргізуге 955,4 млн.теңге көзделген. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 10400 орындық 9 мектеп салу жоспарланған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий