“Robotek Grand Tournament 2023”: Робототехника бойынша республикалық турнирде ақмолалық оқушылар екі алтын медаль жеңіп алды

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінің ғимаратындағы көпфункционалды залда «Robotek Grand Tournament 2023» робототехника бойынша республикалық турнирі өтті. Турнирді «Дарын» РҒПО-ның қолдауымен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Astana IT University, «Нұрсұлтан Назарбаев» Қоры, «Роботек» робототехника мектебі ұйымдастырып өткізді, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шара роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, ғылыми-техникалық шығармашылық, бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтауға және қолдауға бағытталған. Турнирға Ақмола облысының атынан робототехникамен айналысатын 14 оқушы қатысты. Олар «Robotek Grand Tournament 2023» робототехника бойынша республикалық турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушыларды әр түрлі жас санаттарында командалық жарыстардың 7 түрі (бір командада 2 қатысушы) күтті.

Робо-сумо, Кегельринг-квадро, Желі бойынша жарыс, Биатлон – кіші санат, Биатлон – жоғары санат, Эстафета, Лабиринт. Турнир қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломдармен, алтын медальдармен, турнирдің алтын кубогымен, 100 000 теңгелік сертификатпен және 2023-2024 жылдарға арналған мектептер үшін С-5, С-6 деңгейлеріндегі ROBOTEK.PRO оқу платформасына тегін 3 айлық жазылым «Кегельринг-квадро» номинациясы бойынша, «Джон Сина» командасы, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы “Bolashaq Saraiy” – ының тәрбиеленушілері Жылқайдар Асылхан және Бұлат Әбілмансұр марапатталды. Біздің жүлдегерлерді құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий