Ақтөбе облысы: Отансүйгіш ұландарды тәрбиелеуші ұлағатты ұстаз

Запастағы кіші сержант Жұмағанбетов Бағдат Сағынбайұлы Ақтөбе қаласындағы№51 гимназияның алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы. Аталған гимназия жанынан ашылған Кейкі Көкембайұлы атындағы “Жас сарбаз” әскери-патриоттық клубының жетекшісі, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Еліміздің нағыз патриоттарын, еңбекқұмар, білімге құштар, адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас жеткіншектерді, отансүйгіш ұландарды тәрбиелеу мақсатында Бағдат Сағынбайұлы аянбай қызмет етуде. “Жас сарбаз” әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Бағдат ағайды білім беру процесіндегі ашықтығы мен қамқорлығына, өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен еңбекқорлығына қарап бірі “әкесіндей”, бірі “ағасындай” санайды.
Оқушылар арасындағы рухани байланысты шеберлікпен қамтамасыз етеді. Жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерген және қоғамдық жұмыстардың: өзара ынтымақтастық қатынастарын ұйымдастырушы; тәрбие күштерінің үйлестірушісі (мектеп, отбасы, қоғам). Бала тәрбиесіндегі күрделі жүйе, әскери-патриоттық тәрбиеге жай қарамайтын Бағдат бүгін де тәрбиеленушілерін саптағы тәртіпке, әскери өмірге, әскери-спорт түрлеріне баулып жатыр.
Үздіксіз жұмыс пен жүйелі жоспар негізінде Бағдат Сағынбайұлының оқушылары “Жас жауынгер”, “Мерген ару”, “Мерген сарбаз”, “Айбын” сынды әскери-қолданбалы спорт түрлерінен қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі турнирлерінің жеңімпаздары. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен жүреді.
Әріптестерімен ашық тәжірибе алмасу үшін сабақтар, тренингтер өткізеді. Аудан, қала білім беру ұйымдарының мұғалімдерімен тығыз байланысты ұстап, республикалық жарыстарға жолдама алып тұрады. Елі мен жерінің және ана тілінің мерейін өсіретін көптеген мектепішілік шараларды ұйымдастырып, жігерлі жастарды патриоттыққа тәрбиелеп,абыройлы іс атқарып жүр. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін ұстаздық қасиеттерді бойға жинаған Бағдат Сағынбайұлының шәкірттері бүгінде өзі секілді ел ұландарына айналып отыр.
Бағдат Сағынбайұлы-креативті, заманауи АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы. Оның заманауи әдістері мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты ауызбіршілікте ұстауы, жоғары жетістіктері көпті таңғалдырады. Нәтижесінде ата-ана алғысына бөленіп, шәкірттерді үздік жетістіктерге жетелеп, гимназия абыройын асқақтатып жүр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий