“Mobels of teaching” бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аймақтық семинар

Эстетикалық бағыттағы гимназиясында “Mobels of teaching” бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аймақтық семинар өтті. Мақсаты: оқушылардың таным іс – әрекетін қалыптастыруда білімді меңгеру арқылы теория мен тәжірибені ұштастыру. Семинарға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары және Астана қаласының әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалемдері қатысты, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
“Models of teaching” бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аймақтық семинардың пленарлық кезеңінде облысымыздың білім беру ұйымдары: «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» БҚО бойынша Кәсіби даму институты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының мамандары, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің оқытушылары мен үздік педагогтардың зерттеу жұмыстарының нәтижесі , жаңа жоба жұмысының мазмұны және үздік педагогтердің шығармашылық жетістіктері тыңдалды.
Семинардың секциялық бөлімінде: «Бастауыштағы пәндер сауаттылығын арттырудағы әдіс – тәсілдер», «Интербелсенді әдісті тиімді қолдану – білім сапасын арттыру жолы», «Stem – білім берудің жаңа тренді» бағытындағы жұмыстарда Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары және Астана қаласының бастауыш сынып мұғалімдерімен қатар облысымыздың ұстаздары да өз іс тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар,«Әр облыстан бір көшет», «Өзің оқып, өзгеге сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Семинарға қатысушылар шеберлік-сыныптарынан оқытудың түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін үйреніп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий