Дене шынықтыру сабақтарында дифференциацияның әдістері мен тәсілдерін қолданудың маңызы

Оқытудағы тәжірибелер дәлелдегендей, қазіргі кездегі әрбір оқушының білім алуы үшін оның қарым-қабілетін ескере отырып тапсырмалар беру керек екендігі және сол арқылы  оның  білім алуға деген ынтасын арттыру, яғни оқу үдерісіне дифференциациялап оқытуды енгізу әдістеменің басты міндеттерінің бірі  болып отыр.

Дифференциациялап оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғарғы сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек.

Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады. Сол себептен мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру тиіс.

Дене шынықтыру сабағындағы дифференциация – жеке тұлғаның типологиялық ерекшеліктерін (жалпы және арнайы қабілеттерін, даму мүдделері мен жүйке жүйесінің физиологиялық қасиеттері деңгейін) ескере отырып, оқушылар топтарына  білім беру мазмұнына сай түрлі оқыту әдістерін құру, білім беру үдерісін әртүрлі нысанда ұйымдастыру болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты – оқушыларды дене шынықтырумен, салауатты өмір салтының қажеттілігімен таныстыру. Осы мақсат шеңберінде келесі міндеттер шешіледі: дене тәрбиесінің сауықтыру міндеттері; оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту және толық физикалық дамуға, дене бітімінің үйлесімділігіне қол жеткізу.

Оқытуды дифференциациялау дегеніміз – оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру және әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені.  Ал дифференциациялап оқыту дегеніміз: оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиетті ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны.

Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы және бір материалды барлық оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және мұғаліммен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді. Тапсырмаларды дифференциация бойынша құрастырудың қандай түрлері бар? Оқу тапсырмаларын шығармашылық деңгейлеріне қарай дифференциациялау. Оқу тапсырмаларын қиындық деңгейлеріне қарай дифференциациялау.

Оқу тапсырмаларын оқу материалының көлеміне қарай дифференциациялау. Оқу тапсырмаларын өздігінен орындай алу қабілеттеріне қарай дифференциациялау. Оқушылардың көмекті қажет ету сипаты бойынша дифференциациялау. Оқу қызметінің нысаны бойынша дифференциациялау.

Дене шынықтыру сабағында диффернциациялап оқыту

 

Мектепішілік

Сыныпішілік

Спорттың әр түрінен жарыстар ұйымдастыру

Денсаулығына байланысты:

ü  Негізгі

ü  Дайындық

ü  Арнайы

   

Физикалық дайындығына байланысты

ü  Мықты

ü  Орташа

ü  Төмен

Балалармен қосымша  жұмыстар жасау

Жынысына байланысты

ü  Ер бала

ü  Қыз бала

Дене шынықтыруда мынадай дифференциациялап оқытудың тәсілдерін қолдануға болады: балалармен жеке жұмыс жасауда біздер дене шынықтыру сабағынан бөлек түстен кейінгі уақытта волейбол ұл және балаларға үйірме өткізіледі. Осы волейбол үйірмесінде әр оқушымен жеке және жақын қарым қатынаста дифференциациялау әдіс-тәсілдері жүргізілгенін толық айта аламын. Оның нәтижесінде командамыз көптеген жарыстарда жүлделі орындар алдық. Атап айтсақ қалалық,обылыстық және НЗМ оқушылар арасында ұйымдастырылған жарыста 1-орын алған болатынбыз. Осы жұмыстардың нәтижесінде кейбір оқушыларымыз көшбашылық қасиеттерін көрсетті.

Шәкірттеріміздің ішінде 11е сынып оқушысы Орынбасар Ізбасар Атырау қаласының волейбол академиясының іріктеуінен өтіп,осы командамен бірге Атыраудың намысын қорғап келеді. Тапсырма. Балаларға (жеке немесе топта) олардың меңгерген білімдеріне негізделген әртүрлі тапсырмалар беріледі. Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау оқу тапсырмасының мазмұны бойынша: шығармашылық деңгейі бойынша, қиындық деңгейі бойынша, көлемі бойынша, әрекетті ұйымдастыру бойынша:

Мұғалім тапсырманы бәріне бірдей таныстырады, ал орындалу кезеңі төмендегідей болуы мүмкін: 1 топ-мұғаліммен бірге; 2 топ- алдымен мұғаліммен, содан кейін өз бетінше; 3 топ- өз бетінше. Тапсырмалардың нұсқалары қиындық деңгейі, шығармашылық деңгейімен және көлемімен ерекшеленеді. 1-нұсқа негізгі тапсырма; 2-нұсқа-көлемі үлкендеу тапсырма; 3-нұсқа-шығармашылық тапсырма. Дифференциацияны қамтамасыз ететін тапсырмаларды құрастырудың төмендегідей түрлерін қолдану ұсынылады: Ашық түрде орындалатын тапсырмалар;

Таңдау түрінде орындалатын тапсырмалар; Сондай-ақ оқушының таңдауы бойынша тапсырма жағымды оқу ынтасының қалыптасуына әсер ететінін естен шығармауымыз керек. Нәтиже. Балалар қойылған жалпы мақсатқа сәйкес бірдей тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ мұғалім балалардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, әр баладан әртүрлі нәтиже күтеді. Нәтиже дегеніміз – сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған білімін демонстрациялау әрекеті. Мұғалім мазмұнды меңгерту мақсатында тапсырма береді, барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

Оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жұмыс жасайды және жетпей тұрған білімдерін жетілдіру туралы ойлағандары маңызды. Сабақта мұғалім барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізулеріне әрекет жасайды. Жұмыс қарқыны. Балаларға ортақ тапсырма беріледі, бірақ оларды аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруге көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Қорытынды: Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да, олардың нәтижелері әртүрлі болады. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауап бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетінін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Қолдау. Балалардың барлығы бірдей тапсырманы орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға қарағанда көбірек немесе азырақ қолдау көрсетіледі. Бұл тәсілді қолдану мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді.

Мұғалім мәселені шешуде өзінің қарапайым тілде егжей-тегжейлі түсіндіруін қажет ететін оқушылар және тек диалогке түсу арқылы бағытталуды ғана қажет ететін жоғарғы деңгейлі оқушылар тобын анықтауы тиіс. Сонымен қатар, мұғалім қабілеті жоғары оқушыларды қолдау үшін жоғары деңгейлі тапсырмаларды бере алады. Топтау. Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ барлығының табысқа жетуін қамтамасыз ететіндей етіп топтастырылған. Оқытудың болжамды міндетіне қарай топ құруда тиімді көптеген тәсілдер бар: мүдделері ұқсас оқушылар (қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі), талаптары әртүрлі оқушылар,  кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ, аралас топ, ұйымшыл топ.

Топтық жұмысты орындау үшін бір топта қандай оқушылардың болатыны маңызды емес. Осы жағдайда мұғалім өзі қалаған әдіспен оқушыларды шағын топқа біріктіреді. Топтың мүшелері кездейсоқ бірігеді. Бұл жағдайда мұғалімге сыныптағы оқушылардың бір-бірімен мейлінше араласқаны маңызды. Екіншіден, аралас топ. Мұғалім мақсатты түрде шағын топқа әртүрлі деңгейлі оқушыларды біріктіреді. Себебі бұл топтық жұмыс жаңа оқу мақсатына жету үшін қажетті алдыңғы білімдері мен біліктерін қайталап, бір-бірінің есіне түсіру мақсатында ұйымдастырылған.

Үшіншіден деңгейлі топ. Мұғалім ерекшеліктеріне қарай топтарға біріктіреді. Спортқа қызығушылығы бір оқушылар бір топта немесе жоғары деңгейлі, орта және төмен деңгейлі оқушылар. Оларға арнайы тапсырмалар дайындалады. Бұл топтық жұмысты жоспарлау кезінде мұғалім неліктен оқушыларды дәл осылай біріктіретінін және неліктен тапсырмаларды беретінін нақты түсінеді. Төртіншіден, қалаулы топ. Мұғалім оқушыларға өз қалаулары бойынша отыруға мүмкіндік береді. Сыныпта қандай да бір топтық жоба жұмыстарын жасау керек болған кезде бұл әдісті қолдану тиімді.

Бесіншіден, қыз-ұл деп бөлуге болады. Бұл әдіспен оқушыларды біріктіру мұғалімге қыз балалар мен ер балалардың спорттағы ерекшеліктерін терең зерттеуге мүмкіндік туындайды. Үй жұмысы. Балаларға әртүрлі үй тапсырмалары беріледі, ал жекелеген оқушыларға сыныпта бастаған жұмысты аяқтау үшін қосымша уақыт қажет болуы мүмкін. Бағалау. Сыныптағы саралау әдістері сыныптағы жекелеген оқушылардың нені үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылардың табысты оқуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке даму аймағын анықтау арқылы нені жақсарту қажеттігін түсінуге мүмкіндік беретін икемді үдеріс.

Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай  ілгерілей аламыз. Оқытудағы дифференциациялық тәсілдің нәтижесі  қандай? оқушының сабаққа деген ынтасы артады; әрбір оқушы өз мүмкіндіктері мен қабілеттері деңгейінде үйренеді; білім алуда мықты оқушылардың тез және терең білім алуы жүзеге асады; мықты оқушылар өз қабілеттерін негіздейді, ал әлсіздер оқу жетістіктеріне жетуге мүмкіндік алады.

Қорытындылай келе, дене шынықтыру сабағында дифференциацияланған тапсырмаларды әрбір мұғалім өзінің күнделікті сабақтарында қолдануы тиіс. Дифференциацияланған тапсырмалар құрастырған сәтте мектептің, оқушының, ең бастысы пән мұғалімдерінің әлеуеті ескерілуі тиіс. Егер өзі түсінбейтін тапсырманы «шәкірті ұстазынан» озар ұстанымымен өз оқушысына берер болса, ол орны толмас қателікке ұрындырары хақ. Мектеп психологтары – ата-ана – пән мұғалімі – оқушы тізбегімен оқушының дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын, темпераментін жүйелеп, анықтаған жөн.

Әрине, көп дайындық пен ұзақ уақытты қажет ететін жұмыс, алайда оқушының қызығушылығына, дамуына бағытталып жасалынған тапсырма өзінің жақсы көрсеткіштерін беретінін де ескеруіміз қажет. Бұл тапсырмалардың басты ерекшелігі- барлық  оқушы сабақ барысында тапсырманы орындай алуы. Тапсырмалардың деңгейлік сипатта дайындалғандығын оқушылардың білуі міндетті емес. Ең бастысы оқушы өзінің мүмкіндіктерінің бар екенін біліп, пәнге деген  сүйіспеншілігін арттырады. 

Бактияр Амангельдиевич САПАГУЛОВ,
Куралбек Урингалиевич ЧУНЫШКАЛИЕВ,
Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене шынықтыру
пәнінің мұғалім мадераторлары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий