Қазақстандық студенттер Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай бокстан әлем чемпионы атанды
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Махмұд Сабырхан мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Нұрбек Оралбай әлем чемпионы атанды. Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан 54 келі салмақта, Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта алтын медаль иеленді. Чемпиондарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
