Ақтөбе облысы: Өңір жетекшісі бейімдеу орталығында

Аймақ жетекшісі Ералы Тоғжанов «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығының жасөспірімдерімен кездесіп, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Өңір басшысы мекемеге 23 компьютер, 17 велосипед сыйға тартып, жасөспірімдердің денсаулығын бақылау үшін емдеу кабинетін жабдықтап берді, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Мейірім» орталығы 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Онда 16-29 жас аралығындағы балалар үйінің түлектері тұрады. Негізі тұрғын үй ғимараты сексен адамды қабылдауға қауқарлы. Бұл орталықта өмір сүруге қолайлы жағдай жасаумен қатар, жастарды қазіргі қоғамға бейімдеуге, педагогикалық, психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінген.

Қазіргі уақытта орталықта алпыс тәрбиеленуші тұрады, оның ішінде 27-і – студент, отыз екісі – жұмыс істейтін жастар, 1 тәрбиеленуші – әскерде. Айтып өту керек, соңғы бес жылда сексен бес түлек «Отбасы банк» АҚ салымшылары ретінде жалдамалы тұрғын үйге ие болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий