Қарағанды облысы: Абай оқуларының үздіктері

Еліміздегі мектеп оқушылары арасында жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылатын республикалық жиырма төртінші мәрте қолға алынған Абай оқуларының аймақтық кезеңі мәреге жетті. Қарағанды қаласындағы №8 жалпы білім беретін мектебінің базасындағы бұл білім бәсекесіне жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларының арасында іріктелген 97 үміткер қатысқан болатын, – деп хабарлайды Қарағанды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Абай, Шәкәрім шығармаларын насихаттау. Биылғы оқулар алты аталым бойынша ұйымдастырылды: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымына сәйкес Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу; «Көңілім әнді ұғады» аталымы бойынша Абайдың әндерін орындау; «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымына сай оқушылардың өз шығармаларын орындауы; «Ұлылар әлемі» аталымы бойынша Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу.

«Абайдың қара сөздері» тақырыбында данышпан ақынның қара сөздерін жатқа айту және «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.  Байқау қорытындысының негізінде алты үздік жүлделі бірінші орынды, 12 оқушы екінші орынды, он сегіз шәкірт үшінші орынды иеленіп, он сегізіне жемісті өнер көрсеткені үшін арнайы марапат табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий