Тәрбиешілер тәлімі: Көңілді тапқырлар сайысы
Біздің ұжымдағы әріптестердің қатысуымен арнайы сайыс ұйымбастырылды. Негізгі мақсат: педагогтердің шығармашылыққа қызығушылығын арттыра отырып, ойын арқылы ұжымдық достықты дәріптеу, ынтымақтастықты нығайту. Сайысқа барлық педагогтар ат салысты. Арнайы әділқазылар қабылданып, әділ бағалап, жеңімпазды анықтады.

«Көңілді тапқырлар сайысы» бес кезеңнен тұрды, атап айтқанда: таныстыру, рефлексия, сұрақ – жауап, педагогикалық шеберлік, үй тапсырмасы. Бұл сайыста біз педагогтердің тек шығармашылық қырларын ғана, сонымен қатар педагогикалық шеберліктерін де байқадық. Тәрбиешілер берілген уақыт арасында табиғи материалдардан сабақта қолдана алатын демонстративтік көрнекіліктер ойлап тапты.
Үй тапсырмасы кезеңінде педагогтар «балабақша өмірінен» көрініс ретінде үзінді қойды. Ойынның қорытындысы бойынша бас жүлдеге ие болған «Қыздар – ай» командасы арнайы кубокпен және жүлделі бірінші орынға ие болған «Қызыл раушан» командасы сый-сыяпатпен, грамотамен марапатталды. Кәсіби шеберліктерін паш еткен барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Бахыт Смагуловна АБИШЕВА,
№20 сәбилер бақшасы басшысының міндетін
атқарушы, Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы